• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:26
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ассамблея және қайырымдылық – егіз ұғым

Елімізде орын алған табиғи апаттар мен тосын жайларда халқымыз бір біріне көмек қолын созудан іркіліп қалған емес. Еліміздің Батыс өңірінде су тасқыны орын алып, әлі де жағдай тұрақталмай тұр.

turan_admin turan_admin
22.04.2024, 21:58
Азаматтық қоғам институттары, Облыс жаңалықтары
Ғұлам Умаров

Ғұлам Умаров

121
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 Осы орайда, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдары, этномәдени бірлестік өкілдері, аудан және қала тұрғындары, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық білім және жастар саясаты мәселелері басқармалары мен кәсіпкерлер жұдырықтай жұмылып, төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған «Жүректен жүрекке» акциясына белсене атсалысты.

Жалпы, республикамыз бойынша Жамбыл жері этностар ең көп шоғырланған аймақ. Қазіргі уақытта облысымызда 87 этнос пен этникалық топ өкілдері тұрады. Бүгінгі таңда Ассамблея қайырымдылықпен белсене айналысатын ұйымға айналды. Қайырымдылық десе Ассамблея мүшелері мен жастары ізгілікті іске бірден кірісіп, жұмылуға әркез  дайын.

1 сәуірден бастап Достық үйінде (Төле би көшесі, 23 Б) және Давруш ата мешітінде (Көшек батыр, 188 а) гуманитарлық көмек жинау пункттері жұмыс істеді. Ақшалай аударымдар үшін Kaspi Gold картасы да (8702 8005050) қарастырылды.

— Жалпы, апат болған аймаққа Жамбыл облысынан барлығы 56 688 450 теңгеге көмек көрсетілді. Халық даналығында «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сөз бар. Қиын-қыстау уақытта қолынан келгенше қолдау көрсетіп жатқан жандарға алғысымыз шексіз. Мұндай қайырымдылық шаралары тасқын қаупі сейілгенше жалғасын табатын болады, — деп сендірді Жамбыл облысы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Ғұлам УМАРОВ.

Ол бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға жеке-жеке тоқталып өтті. Мәселен, «Ахыска» Түрік этномәдени бірлестігі тарапынан 4 150 000 теңге сомасына екі фура (600 000 теңгеге) және гуманитарлық көмек (азық-түлік, төсек жабдықтары мен жаялықтар) жиналды. Сондай-ақ, «DATÜB» шотына 5 000 000 теңге аударылды.

— Өзім өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары ретінде 200 000 теңге көлемінде көкөністер алып, көмек бердім, — дейді Ғұлам Мұхтарұлы.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі өңір тұрғындарымен бірлесіп азық-түлік, жаңа киім, тұрмыстық керек-жарақтардан тұратын гуманитарлық көмек жинады. Оның құны  — 7 860 450 теңге құрады.

Жамбыл облысының өзбек этномәдени орталығы жоғарыда жазылған Kaspi Gold шотына 50 000 теңге аударды. Жамбыл облысы бойынша «Қазақстандық татар және башқұрт конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігі 50 000 теңге қаржыға 20 жаңа көрпе тапсырды. «Архыз» қарашай-балқар бірлестігі 150 000 теңгеге азық-түлік себеттерін берді. Жамбыл облысының гректер қоғамы 400 000 теңгеге азық-түлік, дәрі-дәрмек, гигиеналық құралдар, көрпелер мен киім-кешектер жинап, Ақтөбеге жөнелтті.

Қазақстан дүнгендерінің республикалық этномәдени орталығы мен «Вынхуа» облыстық дүнген этномәдени бірлестігі бірлесіп 9 500 000 теңге көлемінде Ақтөбеге гуманитарлық көмекпен екі фура жіберді. Онымен қоса, М. Қашқари атындағы Жамбыл облысының ұйғыр этномәдени бірлестігі 1 500 000 теңгеге, ал Жамбыл облысының «Шиват Цион» еврей этномәдени бірлестігі 250 000 теңгеге азық-түлік жиынтығын жіберді. «Манас Ата» қырғыз этномәдени бірлестігі 3 миллион теңгеге азық-түлік, жаңа киімдер, тұрмыстық керек-жарақтар жөнелтті.

— Тараз қаласының тұрғындары 1 213 500 теңге көлемінде азық-түлік, гигиеналық құралдар әкелді. М.Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі жастар қанатының Шу өкілдігі гуманитарлық көмек жинау науқанын ұйымдастырып, 10 миллион теңгеге азық-түлік және тұрмысқа қажетті  заттармен қамтамасыз етті. Жамбыл облысының «Хазар» әзербайжан этномәдени бірлестігі 300 000 теңге көлемінде азық-түлік, гигиеналық құралдар жинады. Облыстық жастар ресурстық орталығы 650 000 теңгеге макарон, ұн, өсімдік майы, күріш, қант, шай, резеңке етіктер жөнелтті. Тәжік этномәдени орталығы Каспий номерге 50 000 теңге аударды, — деді қоғамдық орынбасар.

Игі істен партиялар да тыс қалмаған. «AMANAT» партиясының мүшелері 78 500 теңгеге тұрмыстық химия, азық-түлік, термостар алса, «Respublica» партиясының мүшелері  98 000 теңгеге көрпе, матрас, ыдыстар жеткізді.

Ал «Білім саласы қызметкерлерінің кәсіподағының облыстық комитеті» 728 000 теңгеге қайықтар, мотопомпалар, етіктермен қамтыды.

Жамбыл облысының өзбек этномәдени орталығы ҚХА республикалық қорының шотына 700 000 теңге аударды. «Ақсақалдар кеңесінің» төрағасы Асқарбек Сейілхан өз атынан каспий шотына 30 000 теңге аударды.

А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры – 130 000 теңге көлемінде қажетті заттарды ұсынса, Қордай ауданы дүнген этномәдени бірлестігінің өкілдері – 10 миллион теңгеге көмек көрсетті.

Айжан АУЕЛБЕКОВА

Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясаты тапсырысы негізінде жарияланды

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.