• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қарулы күштердің 2600-ден аса сарбазы Отанға адал болуға ант берді

turan_admin turan_admin
27.11.2022, 16:03
Қазақстан жаңалықтары
Қарулы күштердің 2600-ден аса сарбазы Отанға адал болуға ант берді
122
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Оңтүстік», «Шығыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтарында, Әскери-теңіз күштерінде, сондай-ақ елорданың десанттық-шабуылдау құрамасында әскер қатарын жаңа толықтырғандардың ант қабылдау рәсімдері өтті. Салтанатты шарада 2600-ден астам сарбаз Отанға адал болуға ант берді.

Іс-шараларға әскери бөлімдердің жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдар, қоғам өкілдері, қарулы күштер мен жергілікті қақтығыстарға қатысқан ардагерлер, жас сарбаздардың туыстары мен жақындары қатысты.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында 1600-ден астам сарбаз ант берді. Таразда салтанатты шара «Жеңіс» қалалық саябағында өтті. Әскер қолбасшысы генерал-майор Мереке Күшекбаев сарбаздарды осындай елеулі күнмен құттықтады.

– Бауыржан Момышұлы атындағы механикаландырылған құраманың жауынгерлері Жеңіс саябағында, батыр ескерткішінің жанында Отанына адал болуға ант беруі жауынгерлік дәстүрдің жалғасып келе жатқанын білдірсе керек. Отан алдындағы қызметтеріңді абыроймен атқарасыңдар деп сенемін, – деді генерал-майор Мереке Күшекбаев.

Ақтаудың әскери-теңіз базасында да осындай салтанатты шара теңізші жауынгерлердің сапқа тұруымен басталды. Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан шақырылған матростар бір ай ішінде теңізшілердің тіршілігін үйреніп, кемедегі қызмет негіздерімен және теңіз терминологиясымен танысып үлгерді.

– Әскерге Павлодар облысынан келдім. Әрине, армияның өмір ырғағы мүлде бөлек, бәрі күн тәртібі және ережелерге сәйкес жасалады. Әскери-теңіз күштеріне келгеніме қуандым.  Теңізші болу – жауапкершілігі мол және қызықты. Мұндағы ерекше дәстүрлерді командирлер де таныстырып жатыр,  – деді матрос Аяз Масықбаев.

Көптеген сарбаздардың ата-аналары мен жақындары салтанатты ант қабылдау рәсіміне қатысуға келді. Кеше ғана бозбала боп келген балаларының келбетінен есейгенін байқадық деп айтып жатты.

– Бүгін ұлдарымыз үшін маңызды күн – ант беру сәтін көрдік. Бұл, әсіресе, десантшы жауынгерлер үшін үлкен жауапкершілік пен абырой. Әскердегі борышыңды өтеу ер азаматтар үшін өзіне деген сенімділікке тәрбиелейтін тамаша өмір мектебі болары анық, – деді Павлодардан елордадағы десанттық-шабуылдау құрамасына шақырылған Абзал Саматтың анасы Гүлжанат Хамитова.

Командирлер шараға келген қонақтарды сарбаздар қызмет ететін жағдаймен таныстырып, олардың әскери қызмет төңірегіндегі сұрақтарына жауап берді.

Жалпы әскери дайындық курсынан кейін әскери қызметшілер әскери мамандықтарды үйрене бастайды. Оларға штаттық қару-жарақ пен әскери техника бекітіледі.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.