Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Әлі Алтай Сембекұлы тағайындалды
Әлі Алтай құрылыс, жол, пассажирлік тасымалдау, тұрғын үй мәселелері бойынша салалар жауаптылық етеді.
Бұл қызметте Қанатбек Мәдібек жауаптылық еткен, өткен аптада ҚР Президент Әкімшілігі мемлекеттік инспектор қызметіне ауысты.
Жалпы ақпарат, білімі
Әлі Алтай Сембекұлы
Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы
1985 жылы 3 мамырда Жамбыл облысы, Жаңатас қаласы
Білімі – жоғары:
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (2008 ж., 2012ж.);
Мансап
Еңбек жолы:
07.2006 — 12.2010 – «United Bank Limeted» өкілдігінің бас менеджері, Алматы қ.
12.2010 — 09.2014 – «Даму» КДҚ» АҚ субсидиялау департаментінің менеджері, Алматы қ.
09.2014 — 01.2015 – Астана қалалық сотының бас маманы, Астана қ.
01.2015 — 07.2016– Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің бас сарапшысы, Астана қ.
07.2016 — 10.2016 – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Хатшылығының бас сарапшысы, Астана қ.
10.2016 — 06.2018 – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы, Астана қ.
06.2018 — 11.2018 –Оңтүстік Қазақстан облысы аппаратының басшысы, Шымкент қ.
11.2018 — 07.2019 – Аппарат басшысының орынбасары-Шымкент қаласы әкімі хатшылығының меңгерушісі
07.2019 — 04.2020 – Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысыш
02.2021- 30.05.2023 – ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары, Астана қ.
31.05.2023 — 13.11.2023 ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы
13.11.2023 — 03.10.2025 ҚР КМ Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды






