• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:30
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҚАРАШӨКЕЕВ «КРЕСЛОСЫНА» МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ ЖАЙҒАСТЫ

Жамбылдық үздік оқушылар облыс әкімдігі ғимаратына экскурсия жасады

turan_admin turan_admin
23.01.2024, 21:23
Облыс жаңалықтары
Қарашөкеев Алина Тойлыбаймен

Қарашөкеев Алина Тойлыбаймен

2k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облыстық әкімдігінің ғимаратында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың өңірлік кезеңінің 54 жеңімпазы үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

Олар алдағы уақытта республикалық пән олимпиадаларында облыс атынан сынға түсетін болады.

Экскурсия барысында оқушылар облыс әкімі Ербол Қарашөкеевпен кездесіп, өздерінің жеңістері мен жетістіктері туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, олар болашақ жоспарларымен бөлісіп, мамандық таңдауға қатысты аймақ басшысының пікірін тыңдады.

Сіздердің әрбір жеңістеріңізде ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың да зор еңбегі бар. Түрлі деңгейдегі оқу-білім сайыстарында сіздер Жамбыл облысының намысын қорғайсыздар.

Еліміздің болашағы – бәсекеге қабілетті білімді жастардың қолында. Сондықтан сіздер сапалы білім алып, білікті маман атануларыңыз аса маңызды. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін, — деді облыс әкімі.

Бұл күні ең әуелі облыс әкімінің кабинетіне экскурсия жасаған оқушылар аймақ басшысымен естелік суретке түсті. Аймақ басшысы оларға естелік ретінде ойшыл ақын Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» табыс етті.

Сондай-ақ, оқушылар түрлі кеңестер, келіссөздер мен кездесулер өтетін залдар, облыстық мәслихаттың, мемлекеттік қызметкерлердің кабинеттерін және азаматтарды қабылдау бөлімшелерін аралап, жұмысымен танысты.

Айта кетейік, қазіргі таңда республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысына сәйкес, жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сыныптардың 330 оқушысы жүлдегер атанды. Ал, олардың 64-і республикалық кезеңге жолдама алып отыр.










Бұдан бөлек, өткен жылы 38 жамбылдық оқушы республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болса, олардың ішінде 3 жасөспірім республикалық құрама сапында халықаралық олимпиадаға қатысады.

Өз кезегінде балалар алған әсерімен бөлісіп, ризашылығын жеткізді. Солардың бірі – «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, химия пәнінен оқушылар арасында халықаралық Менделеев олимпиадасының қола медаль иегері Диас Көршібек.

Білімін жетілдіріп, түрлі зияткерлік жарыстарда табандылығымен марапаттарға ие болған үздік оқушылардың қатарында болу мен үшін үлкен мәртебе. Бүгінгі экскурсия барысында мемлекеттік қызметшілердің жұмысымен танысуға мол мүмкіндік туды. Облыс әкімімен көптеген қызықты тақырыптарды талқыладық. Аймақ басшысы өзінің еңбек жолы туралы айтып, пайдалы кеңестерімен бөлісті, — деді ол.

Жалпы, Жамбыл облысының командасы республикалық ғылыми жобалар байқауында 14-ші жыл қатарынан үздік деп танылды. Бұл сында біздің оқушылар 3 алтын, 15 күміс пен 17 қола медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ, өткен жылы 2-7 сыныптың 65 оқушысы «Зерде» зерттеу жұмыстары, «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар, «ProEco» экологиялық жобалар мен Төкен Омаров атындағы ғарыштық физика және астрономия бойынша байқаулардың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzЕрбол Қарашөкеев
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.