• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:58
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Ана тілімнің мүддесін қорғау — парызым»: Ақтөбедегі тіл жанашыры арнайы топ құрды

turan_admin turan_admin
31.08.2021, 20:04
Азаматтық қоғам институттары
«Ана тілімнің мүддесін қорғау — парызым»: Ақтөбедегі тіл жанашыры арнайы топ құрды
102
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ақбота Серікқызы Ақтөбедегі белсенді тіл жанашырларының бірі. Өзі күрделі де жауапты мамандық медицина саласының маманы болса да, қазақ тілінің жағдайы оны бей-жай қалдырған емес. Бүгінде облыс көлемінде қоғамға белгілі белсенді адамдардың басын қосып, еріктілер тобын құрып, қаладағы жарнамалар мен көрнекі ақпараттарды түзету жолында, әдістемелік көмек көрсетiп, ескерту жасап жүретін Ақбота KAZ.NUR.KZ порталына арнайы сұхбат берді.

Ақбота Серікқызы Ақтөбе облысының Байғанин ауданы, Көкбұлақ ауылында дүниеге келген. Өзi емханада СӨС (Салауатты өмір салтын сақтау) дәрігері болып қызмет етеді. Алайда, қазақ тіліне қатысты көзге түскен заң бұзушылықтар мен түрлі қателерді ешқашан айналып өткен емес.

«Тіл жанашыры болғаныма әке-шешемнің де тәрбиесі ықпал еткен шығар. Анам Сәнеш өмір бойы қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берiп, талай шәкіртке бiлiм нәрiн берді. Бүгінде әкем Серік екеуі кәсіпкерлікпен айналысады. Алдымдағы төрт ағам да өз істерінің маманы. Ал мен медицина саласында қызмет етемін. Десе де, тіл жанашыры ретінде қала көшелері ме қоғамдық орындарда кездесетін көрнекі ақпараттар, маңдайшалар мен жарнамаларда мемлекеттік тілдегi нұсқасы жазылмағанын немесе қате жазылғанын көрсем, бей-жай қарамай, сол нысанның әкімшілігiне тiл туралы заңды түсіндірiп, әдістемелік көмек көрсетiмiн. Кей жағдайда қазақ тілінде жазылған көрнекі ақпараттарда да қателіктер көрсем, аттап өтіп кете алмаймын», — дейді Ақбота.

Қазіргі таңда Ақбота тіл жанашырларынан құралған еріктілер тобын құрып, жұмыс істеуде. «Көптеген қоғамдық орындарда, халыққа қызмет көрсету орындарында Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңның талаптары сақталмай жатады. Атап айтқанда, жарнама, көрнекі ақпараттар мәтіндері сын көтермейді. Ес білгелі осы тілге қатысты мәселелерге куә болып келемін және өз бетіммен заң талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп көрдім. Дегенмен, «жалғыздың үні шықпас» дегендей, бір менің жұмысым көп нәтиже бере қоймады. Сондықтан үнге үн қоссақ, айқай емес, «зор дауысқа» айналсақ деген ниетпен, «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасына» барып өз ұсынысымды бiлдiрдiм. 2020 жыл басынан басқарма мамандарымен бiрлесе отырып, «Ана тілім-арым» еріктілер тобы құрылды. Қала бойынша арнайы рейд жұмыстарына шығып, қала көшелеріндегі мекеме, сауда орындарының атауы жазылған маңдайшалар, көптеген жарнама тақталарды, басқа да көрнекі ақпараттарды тіл туралы заңнама талабына сәйкес қазақшаландырып, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Бүгінде тобымыздың аты – «Мемлекеттік тіл — тірегім» болып өзгертілді», — дейді ол.

Жақында халық алдында есеп береміз Қазіргі таңда Ақбота бастаған топ қоғамның əртүрлі салаларында, мекеме атауы жазылған маңдайшаларда, көше бойындағы өзге де жарнамалық тақталар, халыққа қызмет көрсету салаларындағы, емханалар мен ауруханалардағы, оқу орындарындағы жəне т.б. мекемелердегі, заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік тіл – қазақ тіліндегі ақпараттық мəліметтердің міндетті түрде болуын, заң нормалары бұзылған жағдайға куә болғанда, жауапты тұлғаларды, мекеме басшылығын ақпараттандырып, қолданыстағы заңнамаға сəйкес («Тіл» туралы заң, 21-бап) этикалық нормаларды сақтай отырып, кеңестер береді. «Тіл туралы заңға өзгерту қажет деп ойлаймын. Бұрынғы қабылданған кездегіден қазіргі жағдай басқаша. Заман алға озды, қазақ тіліне сұраныста, қолданушылар да артып келеді. Қазақша сөйлейтін өзге ұлт өкілдері де көбейді. Бұл қуантады, әрине. Дегенмен, «әттеген-ай» әлі де кездеседі.

«Ақботаның тілге деген құрметі мен жанашырлығы шексіз. Ол тіл тазалығын қашан да бірінші орынға қояды. Менің педагог әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғаным да әсер еткен шығар. Еліміздегі әрбір жас тілдің болашағына бей-жай қарамауы керек», — дейді Ақботаның анасы әрі ұстазы Сәнеш.

Әлі де көрнекі жарнама маңдайшаларында басқа тiлде жазылатын қатені көп көреміз, кейде қазақша жазса да аудармасы қате тұрады. Осы олқылықтарды реттеу үшін тіл туралы заңға көп түзетулер енгізу керек, әсіресе осы барлық мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық орындарда, қала көшелерінің көрнекі ақпараттары мен жарнама маңдайшаларындағы ақпараттар тек қана мемлекеттік тілде болса, бұл әрi тиімді әрі қай мемлекетте тұратындығымыздың, көрінісі болар еді. Қазақ тілінің қолданыс аясын одан әрі кеңейтiп, мемлекеттік тілді өз деңгейінде жеткізу үшін керек», — дейді Ақбота.

Дереккөз: https://kaz.nur.kz/society/1929647-ana-tilimni-muddesi-qorgau-paryzym-aqtobedegi-til-zanasyry-arnaiy-top-qurdy/

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25
«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

24.08.2026, 14:19

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.