• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 06:42
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Америкалық көкпаршының ерекше жаттығуы қазақстандықтарды таңқалдырды

Америкалық көкпаршы Ник Уиллерттің осы күзде Астана қаласында өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы көкпар сайысына дайындығы әлеуметтік желіде көптің назарына түсті.

turan_admin turan_admin
21.08.2024, 13:22
Қазақстан жаңалықтары
Америкалық көкпаршының ерекше жаттығуы қазақстандықтарды таңқалдырды
47
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Көкпаршы дайындық барысында серкенің орнына гір тасын пайдаланып, ал жылқыны қолдан жасалған ағаш атқа алмастырған. Бейнетаспа Ұлттық спорт қауымдастығының Instagram және Tik Tok (https://www.instagram.com/reel/C-pavNVsI-b/?igsh=eXppcnN5d2t1cHVw және https://vm.tiktok.com/ZMrnm5Npp/), әлеуметтік желілеріне жарияланған еді. Видео 150 мыңнан астам қаралым жинап, көптің назарына түсті. Желі қолданушылары көкпаршыны қолдап, сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Ник Уиллерт – көкпардан АҚШ құрамасының спортшысы, осы күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар және аударыспақ (ат үстіндегі күрес) спорты бойынша бақ сынамақ. Сонымен қатар, Уиллерт көкпардан басқа шаңғы, серфинг және ММА спортымен шұғылданады.

«2018 жылы АҚШ құрамасының қатарында көкбөрі спортына және ат үстіндегі күреске қатысқан алғашқы америкалық болдым. Ал Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында кәсіби спортшылармен бәсекеге түсу мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Мінекей, менің Қазақстанға барсам деген арманым орындалмақ. Талай уақыттан бері бұл мекенге саяхаттауды жоспарлап едім, енді осы мүмкіндік үшін алғыс айтқым келеді. Әрине, көпшілік АҚШ спортшыларын көкпар мен ат үстіндегі күресте оңай қарсылас санауы мүмкін. Десе де бар мүмкіншілігімізді көрсетіп, деңгейіміздің өскенін дәлелдей аламыз деп ойлаймын», — деп атап өтті спортшы.

Америкалық көкпаршы бұған дейін 2018 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында және 2020 жылы көкбөрі спортынан чемпионатта өнер көрсетіп үлгерген. 

Көкпар бәсекесі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 9-12 қыркүйек аралығында «Қазанат» ипподромында өтеді. 

Еске сала кетейік, Республикалық «Көкпар» федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.  Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Бәйге», «Садақ ату», «Теңге ілу», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Құсбегілік», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.

Атап өтейік, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі — ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі — Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.