• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ALTYNSARIN INSTITUTE-ДА «ИНТЕРАКТИВТІ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ БЕЙНЕСТУДИЯ» ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Altynsarin institute-да жаңа үлгідегі «Интерактивті мультимедиялық бейнестудия» ашылып, салтанатты түрде тұсаукесері жасалды.

turan_admin turan_admin
13.03.2024, 15:40
Абырой
ALTYNSARIN INSTITUTE-ДА «ИНТЕРАКТИВТІ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ БЕЙНЕСТУДИЯ» ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
71
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Өңірде тұңғыш рет іске қосылған интерактивті бейнежазбаның мультимедиялық бейнестудиясы – бұл бейне және аудио жазуға, ақпараттық бейне презентациялар дайындауға, онлайн дәрістер мен веб-конференциялар өткізуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен.

Іс-шараға Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов, Арқалық қаласы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары Мешітбай Жұманов, «AMANAT» партиясы Арқалық қалалық филиалының төрағасы Сабыржан Тасмағанбет, қала прокуроры Мұрат Успанов, Арқалық қаласы ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімінің басшысы Мұрат Ерлібеков, қалалық полиция басқармасының басшысы Орал Баймурзин, оқу ордасының басшысы Ержан Әмірбекұлы мен факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, облыстық «Qostanay tany» мерзімді басылымының, қалалық «Арқалық хабары» басылымы мен «Арқа дидары» телеарнасының өкілдері қатысты.

Altynsarin institute-ның Басқарма Төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлы мультимедиялық бейнестудияның құзыреттілігі туралы өз сөзінде: «Әлемдік білім беру үрдісі жаңа стратегиялық мақсаттарды көздейді. Сәйкесінше, сол толқынға уақытында ілесіп, қажетті мүмкіндіктер алаңын ұсыну аса маңызды. Осы орайда көпфункциялы мультимедиялық бейнестудия біздің қала мен институт оқытушылары, студенттер үшін сапалы медиаконтент құруға түрткі болатындығына сенімім мол»,-деп атап өтті.

Интерактивті бейнестудия қашықтықтан оқыту және шығармашылық қызметті ұйымдастырудың ең заманауи және тиімді шешімдерінің бірі. Оның бірегей мүмкіндіктерін пайдалана отырып, интерактивті бейне нұсқаулықтар мен бейне дәрістерді жазуға, бейне сабақтар мен конференциялар өткізуге және т.б. жаңашыл әдістеме перспективаларын іс жүзінде жүзеге асыруға болады.

Бұл ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің оқу үдерістерін цифрландыру жөніндегі талаптарына сәйкес келетін цифрлық технологиялар арқылы оқытушылар мен студенттердің өзара іс-қимылының өте құнды құралы іспетті.

Цифрлық зертхана форматы интерактивтілік пен пәндерді 3D модельдеу арқылы қашықтықтан сабақ өткізуге қолайлы. Ең негізгісі, бейнестудия Coursera және EDx сияқты халықаралық платформаларға арналған контент жасауға, ZOOM, GoogleMeet, WebEx және басқа құралдар арқылы заманауи Led-тақтаға онлайн оқытуды таратуға, интерактивті презентацияларды жасауға және бөлісуге, аралас оқыту түріне арналған оқу мазмұнын әзірлеуге мүмкіндік береді.

 

Altynsarin institute

Маркетинг және коммуникация бөлімі

 

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.