• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:56
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Алматыдағы марафонға қатысқан екі адам көз жұмды

Алматыда өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушы қайтыс болды

turan_admin turan_admin
21.04.2025, 10:00
Жаңалықтар, Қала жаңалықтары
Алматыдағы марафонға қатысқан екі адам көз жұмды

Фото: drive2.ru

65
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ресми мәліметке сәйкес, 20 сәуір күні өткен Almaty Half Marathon кезінде 84 жастағы Аққоян Рсалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади көз жұмды. Екеуі де 21,1 шақырым қашықтықты жүгіріп өтпек болған және Алматыдағы жарыстардың тұрақты қатысушылары болған. Ұйымдастырушылар жарыс ережесіне сәйкес әрекет еткен: медициналық қызмет, жедел жәрдем және полиция дер кезінде жұмылдырылған. Алайда қолданылған шараларға қарамастан, олардың өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.

Жартылай марафон 20 сәуір күні таңертең Бірінші Президент саябағынан Орталық стадионға дейінгі бағытта өтті. Аққоян Рсалиев 2021 жылдан бері жарыстарға тұрақты қатысып келген. Бұған дейін ол Almaty Half Marathon мен Almaty Marathon кезінде 21,1 және 10 шақырым қашықтықты сәтті еңсерген. Сол күні Аль-Фараби даңғылы бойындағы бірінші шақырымда бір ер адам кенеттен өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Бір минут ішінде жедел жәрдем келіп жеткенімен, пульсі тіркелмеген.

«Сағат 08:15-те полиция қызметкерлері қатысушының құлағанын хабарлады. Жедел жәрдем бір минутта келді. Пульс болмаған. Реанимациялық шаралар хаттамаға сай жүргізілді. Алдын ала диагноз – өкпе артериясының тромбоэмболиясы, созылмалы артериялық гипертензия болған», – деді жедел жәрдем дәрігері Әлібек Хожаназаров.

Екінші көз жұмған қатысушы – Нұрбол Ахмади бұған дейін Winter Run 2025 аясында 10 шақырымға жүгірген, сонымен қатар Астана мен Алматыдағы жартылай марафондарға және Алматы марафонына тіркелген болатын.

20 сәуірде жарыстың 16-шы шақырымында ол кенеттен есінен танып қалды. Оқиға орнына келген дәрігерлер реанимациялық көмек көрсеткенімен, нәтиже болмаған. Ол 103 бригадасы жеткенге дейін көз жұмған.

«Біз келгенде, сағат 09:18-де, мойын артериясында пульс болмады, тыныс алуы тоқтаған, қан қысымы нөлде еді. Барлық шаралар хаттамаға сай орындалды. Алайда сәтсіз аяқталды. Алдын ала диагноз – өкпе артериясының тромбоэмболиясы, жедел жүрек жеткіліксіздігі», – деп мәлімдеді дәрігер Айгерім Есдәулетова.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, нақты өлім себебі сот-медициналық сараптама нәтижесінде анықталады, қорытындысы жақын күндері марқұмдардың туыстарына хабарланады.

«Бірінші болуға батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева қатысушылардың қауіпсіздігі – ұйымдастырушылардың басты мақсаты екенін айтты.

«Жарысқа тіркелу кезінде барлық қатысушылар өздерінің физикалық жағдайының сай екенін растап, денсаулығына өзі жауапты екенін көрсететін құжатқа қол қояды. Бұл – әлемдік тәжірибеде қабылданған стандарт. Almaty Marathon аясында біз жыл бойы тегін жаттығулар мен қауіпсіз жүгіріс туралы маман лекцияларын өткіземіз. Жарыс күні әрбір тамақтану нүктесінде алғашқы көмек көрсетуге қажетті жабдықпен қамтамасыз етілген медициналық қызметкерлер болады. Жүгіру маршруттары полиция және жедел жәрдем қызметтерімен бірлесіп алдын ала дайындалады», – деді Қазыбаева.

«Бірінші болуға батылдық» қоры марқұмдардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ұйымдастырушылар олардың отбасыларымен байланысқа шығып, қаржылай көмек көрсетуге ниетті.

Тегтер: Алматы марафоны
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Әке, олар мені ұмытқан жоқ»: Жамбылда қаза тапқан полицейлердің балалары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

«Әке, олар мені ұмытқан жоқ»: Жамбылда қаза тапқан полицейлердің балалары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

02.09.2026, 13:15
Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

02.09.2026, 13:00
Таразда Қойгелді көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Таразда Қойгелді көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда

25.08.2026, 17:00
Биыл Таразда 115 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын

Биыл Таразда 115 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын

25.08.2026, 16:51

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.