• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.10.2026, 02:03
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Алматыда «Шыңырау» фильмінің тұсаукесері өтті

turan_admin turan_admin
21.12.2021, 16:53
Қазақстан жаңалықтары
Алматыда «Шыңырау» фильмінің тұсаукесері өтті

????????????????????????????????????

194
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Алматыда Әбіш Кекілбаевтың повесі бойынша түсірілген «Шыңырау» фильмінің тұсаукесері өтті. Кинотуындының қоюшы режиссері әрі сценарий авторы Жаңабек Жетіруов. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. 

Әбіш Кекілбаевтың повесі «Шыңыраудың» желісі бойынша түсірілген картина құдық қазушы Еңсептің оқиғасын баяндай отырып, менмендік, бақталастық, махаббат, достық, қастандық сынды адамға тән құбылыстарды көтереді.

— Осыдан тура он жыл бұрын, Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Астана қаласында Жаңабек ағамыз түсірген, заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылық жолына арналған деректі фильмнің тұсаукесерін өткізіп едік. Енді міне, Әбіш ағамыздың повесі желісімен түсірілген тамаша көркем фильмнің тұсаукесеріне жиналып отырмыз.Әрине, пандемия болмаса, бұл фильм талай фестивальдерде жүлделі орындардан көрінетін еді.  Соған қарамастан, «Шыңырау» фильмі 10-ға жуық халықаралық беделді кинофестивальге қатысып, көрермен мен киносыншылардың ықыласына бөленді, — деді «Қазақфильмнің» вице-президенті Айдархан Әділбаев. 

— Фильмнің тұсаукесерін 2019 жылы наурыз айында өткіземіз деп жоспарлап едік, алайда пандемияға байланысты басқа күнге ауыстыруға тура келді. Тіпті біздің фильмді алған кейбір фестивальдер де өткізілмей қалды. Бүгінгі тұсаукесерді ұйымдастыруға қол ұшын созған, «Қазақфильмге» және қазақ өнері мен мәдениетінің меценаты Жауғашты Нәбиевке алғысымды білдіремін, — деді фильмнің режиссері Жаңабек Жетіруов.

— Бұл повесть 1982 жылы жазылған болатын. Көптеген режиссерлер түсіреміз деп үміттеніп еді, нәтижесінде Жаңабек ағамыз қролға алды. Ол кісі атамызбен бірнеше рет кездесіп, сценаридің алғашқы нұсқасын өзіне мақұлдатқан болатын. Өкінішке қарай, атамыз фильмді түсіру жұмысы басталғанын көрмей кетті. 2019 жылы Астанада «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің бағдарламасында «Шыңырау» фильмі алғаш рет көрсетілді, – деді жазушының немересі Абыл Кекілбаев.

Естеріңізге сала кетсек, фильмнің түсірілімдері Маңғыстау облысында өтті. Картинада Қарақия ойысы, Үстірт шоқысы және Каспий теңізі көрініс табады. Фильмдегі басты рөлдерді Асылхан Төлепов, Алдабек Шалбаев және Айжан Жетіру сомдады.

Кинотуындының алғашқы көрсетілімі Дакка қаласында өткен 17-ші халықаралық фестиваль шеңберінде өтті (Бангладеш, январь 2019 г.). Бұл фестивальде отандық туынды «Үздік операторлық жұмыс» (операторы Ривкат Ибрагимов) жүлдесін жеңіп алғанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар «Шыңырау» фильмі 37-ші Халықаралық Фаджр кинофестивальдің (Иран, сәуір, 2019 ж.), 28-ші Бүкілқытайлық «Алтын әтеш және жүз гүл» атты кинофестивалі (Қытай, қараша, 2019 ж.), Asian International Film Festival Arizona  кинофестивальдің (АҚШ, желтоқсан, 2019 ж.), Kaaryat International Film Festival of India фестивальдің (Үндістан, желтоқсан, 2019 ж.), 24-ші Халықаралық Керала кинофестивальдің (Үндістан, желтоқсан, 2019 ж.), 13-ші халықаралық Sofia MENAR Film Festival (Болгария, қаңтар, 2021 ж.) сынды басқа да кинофестивальдердің конкурстық бағдарламасына қатысты. 

Одан бөлек, бұл фильм 2019 жылы заңғар жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай  Мәскеуде Қазақстандық кино күндері аясында көрсетілген болатын. 

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының соңында аталған кинотуынды Ресейде өткен  XXVII Халықаралық «Әдебиет және кино» атты кинофестивальдің негізгі байқауына қатысып, көрермендер ықыласына бөленді. 

Сценарий авторы мен қоюшы режиссері: Жетіруов Жаңабек

Қоюшы оператор: Ибрагимов Рифхат

Қоюшы суретші: Кәріпов Мұрат

Композиторы: Жайым Арман

Дыбыс режиссері: Влазнев Андрей

Атқарушый продюсері: Рахманбердиев Ертай      

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Азамат үні — ел дамуының негізі

Азамат үні — ел дамуының негізі

09.10.2026, 14:00
57 секундта нокаут: қазақстандық курсант әлемдік ТОП-10-ға енді

57 секундта нокаут: қазақстандық курсант әлемдік ТОП-10-ға енді

09.10.2026, 11:43
Қазақстанның 75 әскери қызметшісі ЖИ бойынша білім алады

Қазақстанның 75 әскери қызметшісі ЖИ бойынша білім алады

09.10.2026, 11:19
Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік сауда көлемін 20 миллиард долларға жеткізуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік сауда көлемін 20 миллиард долларға жеткізуді тапсырды

08.10.2026, 13:00
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында кітапхана жұмысына жасанды интеллект енгізілуде

11.10.2026, 00:11

Жамбыл облысында соңғы 7 жылда 45 мәдени нысан салынды

10.10.2026, 23:50

Құтқарушылар экологиялық акция аясында сенбілік ұйымдастырды

09.10.2026, 19:43

Байзақ ауданында ауқымды экологиялық тазарту жұмыстары өтті

09.10.2026, 17:26

Азамат үні — ел дамуының негізі

09.10.2026, 14:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.