• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:39
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Алғаш рет волонтерлер Аралда 5100 сексеуіл көшетін отырғызды

Наурыздың 1-3 аралығында Қызылорда облысында «Syr qorǵany – sekseýil» алғашқы эковолонтерлік жоба өтті.

Turan Redaktor Turan Redaktor
05.03.2024, 20:40
Қазақстан жаңалықтары
Фото: Alikhan Sariyev
147
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Аймақтың экожүйесін қалыпқа келтіру және Арал теңізінің экологиялық апатының зардаптарынан қорғау – аталмыш жобаның көздеген миссиясы. Бұған қол жеткізу үшін Алматы Менеджмент Университеті 80-ге жуық волонтерді жұмылдырды. Олар ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарының қолдауымен Арал теңізінің құрғаған табанына бет алып 5100 сексеуіл көшетін отырғызды.

Волонтерлер Алматы, Талғар, Астана, Ташкент қалаларынан жиналды. Араларында тіпті АҚШ-тың екі азаматы болды. Сонымен қатар Қызылорда облысының Шиелі, Жаңақорған елдімекендерінің белсенді азаматтары да волонтер қатарынан көрінді. 3 күннің ішінде олар 1030 шақырымды жүріп өтті. Алғашқы күні «Қорқыт-ата» мемориалдық кешеніне соғып ата-баба рухына тағзым етті. Одан кейін Аралды Құтқару Халықаралық Қорының сарапшысы Мария Заднепровская мен Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Сергей Азимовтың қатысуымен форсайт әңгіме өтті. Оның барысында жиналған қауым режиссердің Арал тағдырын баяндайтын, 1988 жылы жарыққа шыққан «Жоқтау» фильмін тамашалап тебіренді.

«Аралды тірілту мүмкін емес. Бірақ елімізді, туған ауылымызды көркейту, экологиялық жағдайды жақсарту – қолдан келетін нәрсе. Сол себепті өзім волонтер ретінде жобаға қатысып отырмын. Сынаудың, сөздің орнына іспен көрсетіп жағдайды түзеуге үлес қосуға болады. Ең бастысы, осындай жоба арқылы жастардың, қауымның экологиялық ұлттық сана-сезімін, адами сезімін оята аламыз», — деп ой бөлісті белгілі режиссер.

Келесі күні 80-ге жуық волонтер қолға күрек алып, бір кісідей атсалысып Аралдың құрғаған табанына сексеуіл отырғызды.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Республикалық орман-селекциялық тұқым өсіру орталығының» РМҚК  бас директоры Әліби Ғазизұлы жобаның ерекшелігіне тоқталды.

«1 миллион 100 мың гектар жерге сексеуіл отырғызу жұмыстары жүріп жатыр. 2021-2023 жылдар аралығында 545 000 гектар жерге сексеуіл отырғызылды. Енді жұмыстың жартысы қалды. Сексеуіл отырғызуға Аралға волонтерлердің келуі Қазақстан тарихында болмаған жайт. Бұған дейін шет мемлекеттен көмектескен көптеген донор болды. Мысалы, Оңтүстік Кореядан, Германия, Америка сияқты елдер. Ал енді сексеуіл жайлы айта кетейін. Бұл – балта шаба алмайтын, ара кесе алмайтын қасиетті ағаш. Бір түбінің өзі 4 тонна құмға дейін ұстап тұра алады. Дүниежүзі бойынша біздің елде ең көп өседі. Осы Қызылорда облысында, Мойынқұмда, Созақта, тіпті Балқаш жақта сексеуіл кездеседі. Жалпы, оның екі түрі бар: қара және ақ сексеуіл. Бүгін қара сексеуіл отырғызылды. Көшетті лайға батырып, әбден сіңгеннен кейін отырғызғанымызды ескерте кетейін. Ол лай гидрогель мен көңнен тұрады яғни сексеуілге қажет ылғал мен минералды қорек жеткілікті. Сондықтан бұл сексеуіл көшеттері суарылмайды. 4 жылдан кейін бұйырса тұқымын береді», — деді Ғазизұлы.

Ұлттық волонтерлік желісінің координаторы Бауыржан Жұмат жобадан алған әсерімен бөлісті.

«Жобаға қатысу үшін арнайы Астанадан келдім. Бұл – ерекше жоба. Алғаш рет жоба жайлы естігенімде «қатысамын» деп бірден шешім қабылдадым. Бұған дейін де басқа да волонтерлік акцияларға қатысқанмын. 7 жылдан бері еріктімін. 7 жыл ішінде Ақтөбе, Тараз қалаларына барып, «Жасыл белдеу» экологиялық жобаларына қатысқанмын. Шынымен де экологиялық апатқа душар болған өлкеге, Арал теңізіне келіп, тіршіліктің пайда болуына кішігірім болса да көмектестік деген ойдамын. Астанаға барған соң басқа да волонтерлермен осы әсерімді бөлісемін», — деді ол.

Аралға тарихта бірінші рет волонтерлер келіп, сексеуіл көшеттерін отырғызды. Қазақстандық волонтерлер келіп бірінші рет сексеуіл отырғызды деген ерекше мақтаныш».

«AlmaU тұрақты даму мақсаттарын ұстанатын және жыл сайын экологиялық жобаларды ұйымдастыратын әлеуметтік жауапкершілігі бар университет. 2019 жылдан бастап «Ұлы Балқаш шақырады!» жобасын дәстүрлі түрде өткізіп келеміз. Мейлінше көп адамды экологиялық мәселелерге тарту біз үшін аса маңызды. Осы құндылықтарға сүйене отырып біз «Syr qorǵany – sekseýil» волонтерлік экологиялық жобасын қолдауға шешім қабылдадық. Ерекше атап өтетін жайт, бұл коммерциялық мүддені көздемейтін күрделі, құны қымбат жоба. AlmaU волонтерлерді өзінің және демеуші қаражатының есебінен апарды», — деп атап өтті AlmaU ректоры Гүлнар Күренкеева.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Тегтер: АралволонтерҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіқызылордасексеуілтеңіз
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.