• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:24
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

АЛҚАЛЫ ТОП – АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛЫНДА

turan_admin turan_admin
21.10.2020, 13:25
Облыс жаңалықтары
АЛҚАЛЫ ТОП – АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛЫНДА
294
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тұрғындары кеңпейіл, қошыналары тату тұратын Ащыбұлақ ауылы облыстық «Үлгілі ауыл» байқауында ауданымыздың намысын қорғайтынын ескерсек, дүйсенбі күні облыстың зиялы қауым өкілдері, қоғамдық кеңес пен ардагерлер алқасы, бірқатар басқарма маманынан құрылған жұмысшы топ ауылдың тыныс-тіршілігімен етене танысу үшін арнайы келді.
Құрамында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев пен қоғамдық кеңестің мүшесі Масат Берік бар рухани және тәрбиелік мазмұндағы құндылықтарды үлге ету тобы алдымен сұрапыл соғыста жан тәсілім еткен қаһармандарымызға арналған ескерткіште бас қосып, есімдері құлпытаста жазылған ардагерлердің әруағына тағзым етті.
Мұнан соң алқалы топ облыс әкімі Б.Сапарбаевтың «Асарлатып үй салу» жобасы аясында көпбалалы отбасыға салынып, бүгінде құрылысы толығымен аяқталған баспананы аралап көрді.
Керемет үлгіде бой көтерген тұрғын үйді таныстырған ауыл әкімі Самат Селеубаев, көп ұзамай отбасының игілігіне берілетінін жеткізді.
– «Бәрекелдені» ауыл азаматтарына айтқанымыз жөн болар. Тұрғындардың ауызбіршілігінің арқасында баспана бой көтеріп отыр. Шын лайық отбасыны анықтаған ақсақалдардың үлесін, қолы ашық азаматтардың жомарттылығын айтпай кетуге болмас. Бүгінде 8 млн теңге жұмсалып, инфрақұрылымдық жүйесі толығымен тартылып, сырты қоршалған үйге тек бала-шағаның күлкісі ғана жетпей тұр, – деді Самат Апсадықұлы бөлмелерді аралай жүріп.
Жұмысшы топтың келесі аялдаған тұсы – ауылдық кітапхана. Сана қорымен таныстырған аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Аида Қалисаева мен кітапханашы Маржан Ордабаева кітапханада 8000 астам кітап қоры, цифрландырылған орталық сондай-ақ қазақы салт-дәстүрлерді кеңінен насихаттайтын қыз-келіншектерге арналған танымдық бөлменің жұмысын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Алқалы топ үстіміздегі жылы пайдалануға берілген Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында аралап, ауылдық клубта тұрғындармен келелі кездесу ұйымдастырды.
Кездесуде сөз алған ардагер-ұстаз Амангелді Қоңырбаев, ауылдан шыққан өнерпаздар мен спорт саңлақтарды, биліктегі басшылар мен қоғам қайраткерлердің өмір жолына тоқталып, сипатты әңгімелерінде жасырып қалмады. Елдік мүддеден туындаған ұсыныстарын ортаға салды.
Құрамында әлеуметтік сала мамандары бар топ Ә.Әлімбаев көшесіндегі амбулаториялық пунктін, «Жауқазын» бөбекжайын, Қ.Сартбаев атындағы орта мектептің жай-күйін көрсе, экономикалық көрсеткіштерді және инфрақұрылымды дамыту тобының мүшелері мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ауылішілік көшелерге тартылып жатқан газ құбырының, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының орындалуына басымдылық берді.
Төртінші топ – ауыл шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту. Топ мүшелері ауылдағы сауда-саттық дүкендерін, қант қызылшасын жинау жұмыстарымен танысты.
Барлық сала бойынша мәліметке қанығып, кейбір шикіліктерді де бұғып қалмай, қордаланған мәселелердің шешілу жолдарына күш салу керектігін алға тартқан алқалы топ, ауылдық клубта қорытынды жиынын өткізді. Кездесуді аудан әкімнің орынбасары Олжас Баққараев жүргізіп, айтары бар топқа сөз берді.
Зерделеу нәтижесінде, кәсіпкерлік нысандарға өң беру, көрнекі ақпарат құралдарына өзгешелік пен жаңашылдық еңгізу, кіші футбол алаңының төсенішін ауыстыру қажеттілігі байқалды.
Жұмысшы топпен бірге аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сәуле Төлекова, аудандық ардагерлер кеңеснің төрағасы Бахыт Сырлыбаев және бірқатар бөлім басшысы мен маманы болды.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.