• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:07
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Айша бибі кесенесі туралы

turan_admin turan_admin
20.03.2021, 09:51
Заң, Облыс жаңалықтары
Айша бибі кесенесі туралы
4.3k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Айша бибі кесенесі, Тараз қаласынан батысқа қарай 20 шақырым жердегі Айша бибі ауылында орналасқан. Республикалық дәрежедегі мемлекеттік тарих және мәдениет ескерткіштер санатында. 

Кесене құрылысы ХІ-ХІІ ғғ. салынған жергілікті сәулет өнерінің ерекшеліктерін сақтай отырып, ұлттық нақыштармен безендірілген. Жалпы көлемі 7,6 х 7,6 м болатын кесененің құрылысы өсімдік тектес және геометриялық пішіндегі 62 түрлі ою-өрнекпен өрнектелген қыш кесектен өрілген. Қашаумен үңгіп жасалған оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды-тақталы дәстүр айқын аңғарылады. Кесененің төрт бұрышты, мұнаралы бағандармен шегенделіп, төбесі күмбезді етіп көмкерілген. 

Айшы бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктіктегі бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың біріндегі «күз, бұлттар, дөңгеленген дүние…» деген сөздер жазылған. 

Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. 

Кесенені тұрғызған шеберлер мен қайталанбас өнер туындысы саналатын ескерткіштің салыну тарихына байланысты нақты ресми мәліметтер жоқ, тек ел аузында көптеген аңыз-әңгімелер қалған.

Айша бибіге қатысты ел жадында көптеген аңыз — әңгімелер сақталған. Бір деректерде, Айша XI ғ. танымал ғалым, әрі ақын Хәкім Сүлеймен Бақырғанидің қызы болған делінсе, келесі бір аңызда Шығыс әулиелерінің бірі, сахабалар әулетінен шыққан киелі Зеңгі баба мен Ануар бегімнің қызы делінеді. Барлық аңыздардың негізгі желісіне назар аударсақ, Айша сұлу сол кездегі әлеуетті Қарахан мемлекетінің билеушісі Шах Махмуд Қараханмен кездесу үшін іңкәрлік сапарына шығып Таразға келе жатады. Қос қорғанды, құдіретті қалаға таяу қалғанда Айша ару аяқ суытып, жуынып – шайыну үшін қала іргесіндегі Аса өзеніне аялдайды. Сол жерде қапыдан жеткен қауіптің тырнағына ілініп, улы жылан шағып, бақиға аттанғандығы айтылады.

Азалы сәттің ауыр салмағынан жан-дүниесі жаралы болған жас баһадүр Қарахан Айшаны сол маңға арулап жерлеп, жас қабірдің басына адалдық белгісі ретінде махаббат күмбезі ретінде әсем кесенені тұрғызған. 

Бүгінде Айша бибі кесенесі жергілікті халық ұғымында адалдық пен тектіліктің белгісіне айналған қасиетті мекен. Отандық және шетелдік туристер мен махаббаттың символы ретінде отбасылық өмірге жаңа қадам басқан жас отау иелері келіп тәу ететін көпшілік орынға айналған. 

        Әдебиеттер

  1. Маргулан А., Басенов Т., Мендикулов М. Архитектура Казахстана. Алма-Ата, 1959. С. 99-102. 
  2. Труды Семиреченской археологической экспедиции 1936-1938 гг. Таласская долина. Алма-Ата, 1949. С. 75-81; 
  3. Материалы обследования памятников архитектуры Жамбылской области. 1984-1989, 2000; паспорт памятника (архив НИПИ ПМК).
  4. Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы Жамбыл ауданы – Алматы, 2010 ж., 63-64 б. 
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.