• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Абсент ғасыр жылқысы

turan_admin turan_admin
21.03.2021, 09:58
Заң, Облыс жаңалықтары
Абсент ғасыр жылқысы
1.4k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Абсент ғасыр жылқысына арналған мүсін Т.Рысқұлов ауданы, Көгершін ауылының солтүстігінде 600 м қашықтықта, Ат спорты манежінің алдындағы алаңда орналасқан. Жылқы мүcіні арнайы мыстан жасалынып, 1976 ж. бетонды тұғырдың үcтінe opнатылған. 

Абсент – ахалтеке тұқымының қара түcті айғыры 1952 жылы туылған. Луговое жылқы за­уытында тәрбиеленген. Салт жүрудің жоғарғы мектебі бойынша Олимпиада ойындарының бip дүркін, КСРО-ның 7 дүркін чемпионы. 

Абсенттің әскесі 1935ж. Ашхабад – Москва ат жарысына қатысып,  жүлдегер болған. Мәскеуде – Қызыл алаңда 1945 ж. 24 маусымында өткізілген Ұлы Отан соғысы жеңісіне арналған бас қолбасшы Г.К.Жуков мініп шыққан ақбоз айғыр еді  Шешеci – Бак­кара eciмді бие. 

Абсентті  Алма­ты ат спорты мектебінде  дайындықтан өткен және жаттықтырушысы – КСРО спорт шебеpi К.Ш.Eciмов. 1958 ж. Абсент салт жүруден Еуропа біріншілігінде eкiнші орынды (Аахен, ГФР), 1959 ж. КСРО халықтарының спартакиадасында КСРО чемпиондық атағы мен алтын медальді; Санкт-Галленада (Швейцария) олимпиаданың алдындағы жарыста екінші орынды жеңіп алды. 1960 ж. Римде өткен XVII — олимпиадалық ойындарда еңбегі сіңген спорт шебері С.И. Филатов Абсентпен (КСРО ат спор­ты тарихында бірінші рет) алтын медальді ұтып алып, чемпион атанды. 1964 ж. Токио Олимпиадалық ойындарында қола жүлдені, Мехикода өткен XIX — олимпиадалық ойындарда төртінші орынды жеңіп алды (Мексика, 1968). 

Жылқының шын өлшемінен бip жарым есе үлкен болып келген ескерткіш аттың нәзік бейнеде берілген. Мүсіннің биіктігі – 2,7 м, тұғырынікі – 2,2 м. Абсент мүсінде жігерлі және анық аллюр жүрісімен бейнелен­ген. Тек спорт жылқыларына ғана тән аумақты мойыны иіліп берілген. Тұғырының бүйір жағына «Абсент – Рим Олимпиадалық ойындарыныц чемпионы» деген жазу бар гранит тақтасы орнатылған.

Әсем жүрісімен бүкіл әлемде алдына қара салмаған ақалтеке тұқымдас осы айғырдың «Абсент» деген есімі жылқы сүйер қауым арасында осы күнге дейін әлі аңыз болып келеді. Абсент тек Қазақстанның атағын шығарған жоқ, сонымен қатар ақалтеке тұқымының абыройы мен даңқын асқақтатып, бүкіл әлемге паш етті. 

Атақты тұлпар Абсент 1975 ж. 2 ақпан күні мерт болып, 1976 ж. мамыр айында қабірінің дәл қасынан мәрмәр тұғыр үстіне екі жарым тонна қара қоңыр мыстан соққан ескерткіш орнатылады. Әлемді талай жыл бойы таңқалдырған  «Абсент» тұлпарлар тарихына аты өшпестей болып жазылып қалады. 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.