• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
05.10.2026, 20:47
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ағылшын тілінде пән оқытатын ұстаздар мен мектеп оқушылары арасынан үздіктер анықталды

turan_admin turan_admin
29.06.2020, 12:54
Қазақстан жаңалықтары
Ағылшын тілінде пән оқытатын ұстаздар мен мектеп оқушылары  арасынан үздіктер анықталды
608
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстанда жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша дәріс беретін
ұстаздар мен олардың оқушыларын ынталандыратын үш бірдей конкурс
болды. Республикалық деңгейде өткен сайыстар ағылшын тілінде пән
оқытатын ұстаздар арасында «Арманға апарар жол», 1-4 сынып
мұғалімдері үшін «Бастауыш мектептегі ағылшын тілі: ойын арқылы
оқимыз» және жоғарғы сынып оқушыларында «My best student’s book» деп
аталады.

Бесінші рет өтіп тұрған конкурс биыл ерекше – онлайн қорытындыланды.
Елімізде көптілді білім беруді насихаттайтын шараны Білім және ғылым
министрлігі, «Edu Stream» оқу орталығы және қазақстандық мектептердегі
базалық ағылшын тілі кітабын дайындаған «Express publishing» халықаралық
баспасы ұйымдастырған. Салтанатты марапат жоғары деңгейде өтіп, отандық
ұстаздар мен оқушыларды халықаралық баспа кітаптарының авторлары Боб
Обби мен Джордж Коколас сонау Англиядан құттықтады. Шетелдік
сарапшылардың бірі онлайн білім алу бүкіл әлемде қиындық туғызғанымен,
ұстаздар кез келген жағдайға бейімделе алатынын алға тартса, екіншісі
карантин салдарынан шашын қысқарта алмай жүргенін айтып қалжыңдады. Ал
сайысқа түскен отандық ұстаздар мен оқушылардың қуанышында шек жоқ.

 

– Ғаламтор мен онлайн жүйе барлығымызды бір шартқа бағындырды, – дейді
Солтүстік Қазақстан облысының Пески ауылының ағылшын тілі ұстазы Сабина
Турмуратова. – Мен 1-11 сынып аралығында ағылшыннан сабақ беремін, себебі
біздің шағын кешенді мектепте небары 100 бала оқиды. Дегенмен шәкірттерім
талай конкурста жеңіп шықты, енді мен де бүгін жеңімпаз атандым.

Конкурс жыл бойы бірнеше кезеңмен жүрді – қатысушылар ынталандыратын
хаттар жіберіп, сабақты бейнеге түсіріп, қойылым да жасаған. Қазақстанның
бүкіл облысынан байқауға мыңнан астам өтініш түсті. Жалпы биылғы байқауда
ең белсенділік танытқан өңірлер: Қызылорда, Алматы, Қостанай, Ақмола,
Павлодар облыстары, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларының ұстаздары мен
оқушылары. Жеңімпаздар қатарында алыс аймақтан ат салысқандар бары
қуантады.
– Конкурс қызық, мазмұнды, әділетті, – деп атап өтті ағылшынша пән оқытатын
жеңімпаздардың бірі Степногорск ұстазы Вероника Щербина. – Әділ қазылар
алқасы тәуелсіз, қатысушыларды бөліп-жару жоқ. Нәтижесінде, біріншіден
бастап, соңғы кезеңге дейін барлығы таза бәсекелестікпен өтті. Өкінішке орай,
бүгінде бұл сирек кездеседі. Тәжірибе жинай келе бәрі алдын-ала белгіленіп
қойған байқауларға қатысудан бас тартасың. Неге десеңіз, ондай шаралар кәсіби
тұрғыда қарын аштырып, болашаққа көңіл көншітеді де әлбетте шабытты
тұншықтырады. Бақытымызға орай, бұл конкурс – мүлдем олай емес! Ағылшын
тілінде физика, химия, биология мен информатиканы оқытатын ұстаздарға осы
байқауға қатысуды ұсынамын. Өзіңізді жаңарған кейіпте сезінетін уақыт келді!
Әділ қазылар алқасының құрамына енген лингвисттер, методисттер,
психологтар мен журналисттер қатысушылар еңбегін ерекшелігіне,
жаңашылдығына, ыңғайлылығына және креатив пен заманауи жеткізілгеніне
қарай бағалады.

Үш байқау бойынша жеңімпаздар!
1-4 сыныпқа ағылшын тілін оқытатын ұстаздар арасында жеңімпаз – Ақмарал
Мұсаева, Алматының №32 мектеп ұстазы
Номинация иелері:
«Үздік театрлық қойылым»
— Перизат Тыныштықбаева, Арал ауданының Қамыстыбас стансасының №21
мектеп ұстазы, «Aldar Kosse and Greedy farmer» қойылымы
— Дарья Лозовая, Қостанай қ. №2 мектеп-лицейінің ұстазы, «Story time The fire
Owl» қойылымы
«Ең белсенді мектеп»
Қызылорда қ. дарынды балаларын мамандандырылған сыныпта үш тілде
оқытатын «Мұрагер» мектептері

«Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз»
Валентина Трушникова, Солтүстік Қазақстан облысының Явленка ауылының Т.
Позолотин ат. №1 орта мектеп ұстазы

5-10 сынып оқушылары арасындағы жеңімпаздар
1 орын
Әлия Жұмағұлова, Алматы қ. №121 мектеп оқушысы, жетекшісі Эвелина
Луценко
Балдырған Баймағамбетова, Қызылорда қ. «Мұрагер» мектебінің оқушысы,
жетекшісі Ділназ Төлеген

Ағылшын тілінде пән оқытатын ұстаздар арасындағы жүлделі орындар:
Бас жүлде
Александр Бармута, Қостанай қ. А. М. Горький ат. гимназияның информатика
ұстазы
1 орын
Сәтжан Омаров, Балқаш қ. №15 мектеп-лицейінің информатика ұстазы
Мейіргүл Қажытаева, Алматы қ. №59 мектеп-гимназиясының информатика
ұстазы
Вероника Щербина, Степногорск қ. Л. Толстой ат. №4 мектеп-гимназиясының
биология ұстазы

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

05.10.2026, 19:11
Астанада алғашқы қар жауды

Астанада алғашқы қар жауды

05.10.2026, 16:14
Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

05.10.2026, 15:59
Тоқаев ұстаздарға үндеу жасап, білім саласындағы басты міндетті атады

Тоқаев ұстаздарға үндеу жасап, білім саласындағы басты міндетті атады

05.10.2026, 15:50
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

05.10.2026, 19:11

Шу қаласы тұрғынының ауласынан 10 келіден астам гашиш табылды

05.10.2026, 19:05

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05

Астанада алғашқы қар жауды

05.10.2026, 16:14

Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

05.10.2026, 15:59

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысында бұрынғы аға прокурор екі айға қамауға алынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.