Қаңтар қырғынынан соң ұсталған Жамбыл облысындағы изолятордан сегіз жасөспірім босатылды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э.А.Әзімовамен Жамбыл облысына сапары барысында қамауға алынғандардың, соның ішінде кәмелетке толмағандардың бұлтартпау шараларын жеңілдету мүмкіндігі туралы ұсыныстар берілді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ведомствоаралық жедел-тергеу тобының өтінішхаты бойынша 24.02.2022 жылы сотпен 2 күдіктіге, оның бірі кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты бұлтартпау шараларын күзетпен ұстаудан үйқамаққа өзгерту туралы шешім қабылданды.