• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:58
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Ақсұңқар» нәтижелі жұмыс жолында

turan_admin turan_admin
30.10.2017, 15:08
Азаматтық қоғам институттары, Облыс жаңалықтары
«Ақсұңқар» нәтижелі жұмыс жолында
432
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Ақсұңқар» нәтижелі жұмыс жолында

«Ақсұңқар» жастар қоғамдық бірлестігі 2011 жылдың 29 желтоқсанда құрылған. Алғашқы төрағасы Алмас Тоғай Бақтиярбекұлы болды. Құрылған сәттегі ең бірінші мақсаты — жастардың, яғни, студенттер мен оқушылардың қоғамдық шараларға тарту арқылы бос уақытын тиімді пайдалану болатын.
Ең бірінші атқарған іс шаралардың ішіндегі ең ауқымдысы – ораторлық қабілетті арттыру бағытында үйірме жұмысын бастау еді. Ол кездегі ең басты ой балаларды ел алдында дұрыс сөйлеуге үйрету болды. Осы мақсатта ораторлық қабілетті арттыру үшін үйірме ашылды. 2013 жылдан бастап Алмас Тоғайдың басқа қалаға қоныс аударып, қызмет ауыстыруы себепті бірлестіктің төрағалық қызметін Абзал Есіркепов атқарып келеді. 2014 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауданындағы Юрий Гагарин атындағы орта мектептің оқушылары үшін «Ақсұңқар» ораторлық үйірмесі жұмысын бастады. Түрлі ораторлық семинар – тренингтерге қатысып білімін жетілдірген бірлестік басшысы Абзал мырза осылайша өз білімімен өзінен кейінгі жастармен бөлісіп келеді. Аталған мектепте 8 ай көлемінде оқушылармен тығыз жұмыс жасалды. Үйірмеге 6 сынып пен 10 сынып аралығындағы оқушылар қатысты. Олардың оқу уақытына сәйкес арнайы кесте құрылып, аптасына үш уақыт үйірмеге қатысқан балаларға курс соңында сертификаттар табысталды. Бұл үйірмені тәмәмдаған 80-ге жуық оқушылардың біразы бүгінде мектепті аяқтап, өз оқу орындарында, үлкен алаңдарда, ірі шараларда ел алдында өз ойларымен қысылмай бөлісіп, қоғамға түрлі мәселелер жөнінде қозғау салып келеді.
Соңғы бес жылда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқармасынан жоба жеңіп алып, былтырғы жылы бірлестік жанынан еріктілер мектебі құрылды. Сол жобаның аясында үлкен жұмыстар атқарылып, 500-ге тарта волонтер тәрбиелеп, үлкен іс шараларға қатысуы қамтамасыз етілді. Осы мектеп аясында жастарға еріктілердің кім екені, олардың қоғамдағы рөлі туралы мол мәлімет беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық бірлестіктің жастарға берген тәлім-тәрбиесінің, бағыт-бағдарының арқасында елімізде болған үлкен шаралар Универсиада мен «ЭКСПО-2017» көрмесіне жастар саясаты жөніндегі басқарманың тапсырысымен еріктілер іріктеліп алынып, жіберілді. Еріктілер аталған ірі шараларда табанды жұмыстар атқарып, облыс абыройын түсірмей, өзге де жастарға үлгі болып қайтқан жайы бар.
Бірлестіктің қоғамдағы түйіткілді мәселерді шешу жолында да атқарып жатқан жұмыстары да аз емес. Бір мысал, өңірдегі оқу орындарында колледж бен университет студенттерімен «Қазіргі жас – болашақ ата-ана» тақырыбына семинар өтіп тұрады. Семинар барысында жастардың ерте үйленіп ажырасу мәселесі, жұмыссыздық, салауатты өмір салты сынды жайлар талқыланып, жастар көптеген ақпараттарға ие болады. «Семинарға қатысқан 100 студенттің кем дегенде 1-еуі шарадан миына керекті ақпарат тоқып алса, сол біз үшін үлкен жетістік» — дейді бірлестік басшысы Абзал Есіркепов мырза. Мұнымен қоса бірлестік мүшелері 11 сынып оқушылары үшін «Менің мамандығым – менің болашағым» деген тақырыпта кездесу өткізіп келеді. ҰБТ-ға дайындалу барысында оқушылар түрлі қателіктерге бой алдырып жатады. Аталған кездесудің мақсаты – осы қателіктерді алдын алу, оқушылардың бойына сенімділік ұялату. Кездесу кейінгі жылдары өз нәтижесін беріп, оқушылар тестке тыңғылықты дайындалып, бірлестікке алғыстарын айтқан сәттер де аз емес.
Қоғамдық бірлестіктің алға қойған үлкен мақсаты өзіміздің өңірден, яғни Тараз қаласынан ауқымды ораторлық мектеп ашу болып отыр. Қазіргі таңдағы жастардың әлеуметтік желіге,түрлі гаджеттерге тәуелділігін азайтып, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынаста болуын, қоғам өміріне белсене атсалысуын қамтамасыз етіп, бойларындағы бір-біріне ойларын ашық жеткізе алмайтын қасиеттерін азайтып, интелектуалды түрде ойлана алатын жастарды тәрбиелеу мақсатында 2 немесе 3 айлық курс жұмысын бастау бірлестіктің алдағы жылға мақсат етіп отырған үлкен жоспары болып табылады. Ендеше, ақсұңқарлықтарға қанаттарыңыз кеңінен жайылып, жұмыстарыңыз жемісті болсын дегіміз келеді.

TURANINFO.KZ

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.