• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
08.10.2026, 02:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Ақбақай» алтын шығару фабрикасының екінші кезеңі іске қосылды

turan_admin turan_admin
09.08.2022, 12:02
Қазақстан жаңалықтары
«Ақбақай» алтын шығару фабрикасының екінші кезеңі іске қосылды
179
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұған дейін Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы «Ақбақай» өндірістік алаңында жыл сайын 850 мың тонна кен өңдірілген болса, фабриканың екінші кезеңі іске қосылғанда өндіріс қуаттылығы жылына 1,2 миллион тоннаға дейін артпақ.

«Ақбақай» кен орнын 1968 жылы белгілі геолог Дүбек Дүйсенбеков ашқан болатын. Қорды толық игеру жұмыстары 1975 жылы басталды. Ақбақайда жаңа кен қорының ашылуына байланысты шикізатты қайта өңдеу үшін орасан қуат қажет болғандықтан кен өңдеудің заманауи цехы салынды. Бүгінде алтынды фабрикаға қарасты «Ақбақай», «Бескемпір», «Карьерное», «Ақсақал», «Светинское», «Кенжем», «Шығыс Ақбақай» және «Олимпийское» кен орындары өндіреді.

Өндірілген пайдалы қазба фабрикада өңделіп, одан Доре қорытпасы түріндегі дайын өнім шығарылады. Технологиялық үдерістің толық айналымы SCADA автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы жүргізіледі.

«Екінші кезеңді іске қосудың нәтижесінде компаниямыздың өндірістік ауқымы кеңейеді. Бұл өз кезегінде ел экономикасының дамуына тың серпін береді деп ойлаймыз. Бұған қоса, қосымша жұмыс орындары ашылады. Атап айтқанда, жобаны іске қосу арқылы қосымша 90 жаңа жұмыс орны ашылады», – дейді «Алтыналмас АК» АҚ Қарағанды және Жамбыл облыстарындағы өндіріс бойынша басқарушы директоры Бағдат Бахрамов.

2011-2015 жылдары аралығында «Алтыналмас» кәсіпорны Ақбақайдағы жерасты өндірісі технологиясын қол еңбегі әдісінен механикаландырылған әдіске көшірді. Бұл бастама өндіріс қуатының 600 пайызға артуына ықпал етті.

Өндірісті цифрландыру бағдарламасы аясында бүгінгі таңда кен орны жерасты стационарлық құралдармен жабдықталып, ашық тау-кен жұмыстарын басқару автоматтандырылды, геологиялық-маркшейдерлік жасақтамасы мен GEOVIA интеграциялық платформасы енгізілді. Сонымен қатар ұзындығы 130 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып, 400 метр тереңдікте жерасты Wi-Fi орнатылды.

Қазіргі таңда жерасты тау-кен қазбаларын маркшейдерлік бақылау кеншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және тау-кен жұмыстарының өнімділігін арттыруға ықпал ететін CMS MINEi (GeoSight, Канада) пайдаланылған кеңістігін лазерлік сканерлеу көмегімен жүргізіледі.  Бұдан өзге, тау-кен геологиялық деректерін сақтау және жүйелеу мақсатында сыртқы зертханалармен біріктірілген Minevision дерек басқарудың орталықтандырылған жүйесі енгізілді. Strata жерасты қозғалыс бақылау жүйесі диспетчерге сенсорлар арқылы адамдар мен жабдықтардың орналасқан жерін көрсетеді. Ал Surpac 3D модельдеу жүйесі геологтың жұмыс уақытын азайтып, деректердің толықтығы мен сенімділігін арттырады. Шахтаның ауа айналдыру жүйесі VentSim бағдарламалық жасақтамасы арқылы жобаланды.

Ал интеграцияланған цифрлық орта барлық бизнес-үдерістерді бақылауға мүмкіндік беріп, өндірісті бақылау және басқаруды жүзеге асырады.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

05.10.2026, 19:11
Астанада алғашқы қар жауды

Астанада алғашқы қар жауды

05.10.2026, 16:14
Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

05.10.2026, 15:59
Тоқаев ұстаздарға үндеу жасап, білім саласындағы басты міндетті атады

Тоқаев ұстаздарға үндеу жасап, білім саласындағы басты міндетті атады

05.10.2026, 15:50
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Тоқаев пен Оман Сұлтанының келіссөздері басталды

07.10.2026, 17:00

Қазақстанда 444,6 мың адам жұмыссыз: Қай өңірлерде көрсеткіш жоғары?

07.10.2026, 16:57

Жамбыл облысында жанжалдан кейін көз жұмған оқушы ісі бойынша тергеу басталды

07.10.2026, 16:54

Қазақстанда әскери қылмыс құрбандарының саны ең жоғары деңгейге жетті

07.10.2026, 14:41

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.