• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Азаматтық қоғам институттары

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
0
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды
72
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды
Адамзат баласын жоқтан бар етіп жаратқан, Ерекше рахымды, Әлемдердің Жалғыз ғана Раббысы Аллаға сан-санақсыз мадақтар болсын. Ғаламның Рақым нұры, екі әлемнің Сардары – Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (с.а.у.) сансыз салауаттар мен сәлемдер болсын.
Алла Тағала Бақара сүресінің 152-аятында біздерге: «Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкірлік етіңдер де, күпірлік етпеңдер» -деп баян етеді.
Әрбір ата-ана перзентінің аман-сау, көркем мінезді, парасатты, салихалы, табысты, абыройлы болғанын армандайды. «Сенің табаныңа кірген тікен, менің маңдайыма қадалсын» деп, баласы үшін жанын беруге де әзір. Адам баласына мейірім шапағатын төгіп, пана болушы да, жамандықтан қорғаушы да Алла. Асыл дініміз ислам – адам өмірін тек бақытқа толтыруды мақсат тұтатын, жамандықтан қорғайтын, жақсылыққа бастайтын жолды анық көрсеткен.
Имам Табараниден жеткен хадисте: «Парыз намаздан кейін «Аятул Күрсіні» оқыған адам келесі намазға дейін Алланың қорғауында болады және оның Жәннатқа кіруіне өлім ғана кедергі болады» — деп айтылады. Сонымен қатар «Аятул Күрсіні» таңертең оқыған адам кешке дейін жын-шайтаннан қорғаулы болатындығы, кешке оқыған адамның таңға дейін жын-шайтаннан қорғаулы болатындығының хабары біздерге жеткен.
Имам Нәсаидан жеткен хадисте; Әбу Хабис (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың (с.а.у.) жеткізеді: «Уа, Әбу Хабис! Мен саған Алладан қорған іздеген адамның айтатын ең жақсы сөзін хабарлайын ба?». Ол: «Иә, Алла Елшісі! Ол: «Айт: «Таңның Раббысына (Иесіне) сиынып, қорғауын тілеймін» («Фалақ» сүресі, 1-аят) және «Айт: «Адамдардың Раббысына (Иесіне) сиынып, қорғауын тілеймін» («Нас» сүресі, 1-аят) – осы екі сүре Алладан пана тілеушілерге»,-деді».
Имам Тирмизиден жеткен хадисте Әбу Саид әл-Худри (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың адамдар мен жындардың кесірінен Аллаға сыйынатын. Кейіннен Аллаға сыйынып, қорғау тілейтін сүрелер түсіріледі де, ол қалған дұғаларды қалдырып, осы сүрелерді айтатын болғанын жеткізеді.
Тирмизиден жеткен басқа хадисте осы үшеуін таңертең және кешке оқу барлық нәрседен құтылу үшін жеткілікті делінген.
Алла елшісі (с.а.у) бізге көптеген дұғалар үйреткен. Соның бірнешеуіне тоқталып өтейік. Пайғамбар сүннетіне сай таңертең ұйқыдан тұрғанда оқылатын дұға:
Оқылуы: «Әлхамдулилләһил ләзи ахяна баъда мә әмәтәнә уә иләиһин-нушур».
Мағынасы: «Өлгеннен кейін қайта тірілткен Аллаға мадақ болғай! Өлгеннен кейін қайта тірілуіміз тек Оған ғана тән».
Төсекке жатар алдын оқылатын дұға:
Оқылуы: «Аллаһуммә бисмикә әмуту уә әхия».
Мағынасы: «Аллам, Тек Сенің есіміңмен өлеміз және тірілеміз».

Уайым-қайғыдан құтылу үшін оқылатын дұға:
Оқылуы: «Я хаию, я қайюум. Бирохмәтикә иә әстағису».
Мағынасы: «Уа, мәңгі тірі тұрушы және әр нәрсені толық меңгеруші, Сенің мейіріміңе сиынып, сенен жәрдем тілеймін».
Қатты қиналғанда оқылатын дұға:
Оқылуы: «Лә иләһә иллә әнтә. Субханәкә, инни кунту минәз золимин».
Мағынасы: «Сенен басқа Тәңір жоқ. Сен кемшіліктен пәктеймін. Расында, мен өз-өзіме зұлымдық етушілерден болдым».
Үйден шығарда оқылатын дұға:
Оқылуы: «Бисмилләһи, тәуәккәлту алә Аллаһ, лә хәулә уә лә қууатә иллә билләһ».
Мағынасы: «Алланың атымен, Аллаға тәуекел еттім. Күш-қуат тек Аллаға тән».
Ас ішерде оқылатын дұға:
Оқылуы: «Аллаһумма бәрик ләнә фимә разақтәнә уа қина азәбәннар».
Мағынасы: «Аллам, Бізге берген ризық-несібелеріңе береке бер және бізді от азабынан сақтай гөр!».
Астан кейін оқылатын дұға
Оқылуы: «Әлхамдулилләһилләзи әтағаманә һәзә, уә разақниһи мин ғайри хаулин минни уә лә қууатин»
Мағынасы: «Менен ешбір күш-қуат жұмсамай бұл тағамды жегізген және оны маған ризық етіп берген Аллаға мадақ болғай».
Жақсы түс көру үшін оқылатын дұға:
Оқылуы: «Аллаһумма инни әс-әлукә руян салихатән, садиқатән, ғайра кәзибатин, нәфиатин ғайра дарратин».
Мағынасы: «Аллаһым сенен салихалы, жалғандықтан ада, пайдалы, залалы болмайтын түс көруімді сұраймын».
Ақиқа – баладан зиянды аулақ етеді. Ақиқа – перзент нығметі үшін Алла Тағалаға шүкір ету мақсатымен мал сою. Ұл бала үшін екі, қыз бала үшін бір ақиқа малы сойылады. Пайғамбардың (с.а.у.) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Әрбір ұл бала үшін – ақиқа, сол себепті оның атынан (мал) қан шығарып, одан зиянды аулақ етіңдер». (Бұхари).
Үйде мүмкіндігінше «Бақара» сүресін жиі оқу керек. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у): «Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар, ал «Бақара» сүресі оқылатын үйге шайтан кірмейді» деген. (Ахмад, Муслим). Сондай-ақ, Ибн Масғұд (оған Алла разы болсын) айтады: «Кімде-кім түнде «Бақара» сүресінен он аят оқыса, ол үйге шайтан кірмейді: басындағы төрт аят, Аятул-Күрсі, оған дейінгі екі аят және соңғы үш аят». Тағы бір хадисте: «Кім «Бақара» сүресінің соңғы екі аятын түнде оқыса, оған жеткілікті». (Бұхари). Яғни, барлық жамандықтан сақтауға жеткілікті делінген. Басқа ғалымдар «Шайтанның жамандығынан сақтауға жеткілікті», «Адамдар мен жындардың жамандығынан сақтайды» деп тәпсірлеген.
Алла Тағала әрбір шаңыраққа береке, ынтымақ, татулық нәсіп етсін. Еліміз тыныш, Елбасымыз аман болсын. Отбасыларымызды бәле-жаладан, қайғы –қасіреттен аулақ етсін. Аллаға лайықты құл, Пайғамбарымызға лайықты үммет болып өмір сүруімізді нәсіп етсін !

Асқарбек СЕРІКҰЛЫ
Аудандық Қаратау мешітінің найб имамы.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025
Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты