Жамбыл облысында қараша айының басында Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығынан ата-аналарымен бірге Тараз қаласына ем қабылдауға бес бала жіберілген болатын. Мемлекет тарапынан бұл балалар массаж курстарынан, парафинатеропиядан, емдік дене шынықтырудан өтуі тиіс болатын.
Ата-аналардың айтуы бойынша облыстық орталыққа келген бетте ерекше күтімді керек ететін балаларға тиісті жағдайлар жасалмаған. Тіпті мұнда келген алғашқы екі күнде ғимаратқа жылу берілмей, балалар ауырып қалған. Мұнымен қоса, уақыты тамақ та берілмеген. Ата-аналардың бірінің айтуы бойынша мұнда арнайы ас үй немесе асхана қарастырылмаған. Балалар үшін дәлізге стол мен орындықтар ғана беріліпті. Мүгедек балалар палаталарда тапшанға ұқсас конструкцияларда ұйықтап келген. Медициналық орталықтың жұмысшылары мұны балалардың түзу әрі қатты жерде жатуы денсаулық үшін пайдалы екендігімен түсіндірді.
Науқастардың аналары өз балаларының таза ауамен демалмайтындығын айтып шағымданды. Оларға күні бойына мүгедек сәбилерін қолдарына көтеріп жүруге тура келген. Бұл келеңсіз жәйт туралы ата-аналар бірден Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының басшылығына хабарлаған. Алайда науқас балаларды да, ата-аналарды да аталған орталық басқа сауықтыру орталығына жіберуге құлықсыз болған. Тек бес күннен кейін, ата-аналар бұл жағдай туралы жан-жаққа хабар бере бастағаннан кейін ғана, оларды үйлеріне қайтарды.
«Бұл расында да 5 миллион теңгені құрайтын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болатын. Осы тапсырыс аясында 4 ай ішінде сауықтыру курстарынан 70-ке жуық физикалық тұрғыдан көмекке зәру балалар өтуі тиіс еді. Оның 31-і бұл медициналық процедурадан толығымен өтіп шықты» — деді Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ермек Бықыбаев.
Тапсырыс беруші Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары мүгедек балаларға тиісті жағдайлардың жасалмауын жіті тексермегенін бұған дейін ешқандай арыз, шағым мүлде түспегендігімен түсіндіріп отыр. Мұнымен қоса мүгедек балалардың сауықтыру процестері өткен мекемені орындаушы тарап жалға алғаны белгілі болды. Қазіргі таңда тапсырысты орындаушы тараппен келісім шарт бұзылып, сотқа құжаттар берілді.
TURANINFO.KZ