Осы жылы облысымыздағы сотталған 18 педафилдің 3-уі туған әкелері болса, 1-уі өгей әке, 3-уі немере ағалары, 6-ы көршілері және таныстары, тек қана 2 педафил ғана қылмысқа дейін өздерінің құрбандарын танымағандар.
Сол себепті 27.09.2017 жылы жастар арасындағы қылмысты болдырмауға бағытталған құзырлы органдармен және ата-аналар комитетімен бірлесе отырып бұл мәселенің алдың алу шараларын талқылау үшін дөнгелек үстел өткізілді.
Шара барысында облыс прокуратура өкілдерінің тарапынан ата-аналар комитетінің өкілдеріне бұндай қылмыстық әрекеттердің алдын-алу үшін қандай шаралар қолдану керектігі түсіндірілді.
Оған қоса, атқарылған жұмыспен өзекті мәселелер талқыланды.
«Бас прокуратураның «Балаларды бірге қорғайық!» атты бағдарламасы аясында жаңа оқу жылында прокуратура органдары жанынан 83 мобильдік топтар құрылып, барлық 451 мектепке бекітілді.Құзырлы және мүдделі мекемелермен бірлесе соңғы 1,5 (біржарым) жыл ішінде 9 мыңнан аса профилактикалық шаралар өткізілді. Облыстың 800 мыңға жуық халқы арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, барлық имамдар мен молдаларға кәмелетке толмағандардың некесін қию туралы заң талаптары түсіндірілді, 237 «қиын» балалар спортқа тартылып, 43 босанған қыздардың тізімі полиция органдарына жолданып, олар бойынша процессуалдық шешімдер қабылданды. Жергілікті бюджет есебінен 300-ден аса мектепке бейне бақылау қондырғылары орнатылды» деп хабарлады облыс прокурорының орынбасары Айдос Майлыбаев.
Нәтижесінде 8 айдың қортындысымен жасөспірімдермен жасалынған қылмыстар саны 11 пайызға жуық азайса, оларға қарсы жасалынған жалпы қылмыстар саны 39 пайызға төмендеді.
Бұл жұмыс ары қарай жүргізіліп, Жамбыл облысы прокуратурасының назарында болады.