Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша өзін-өзі ұсынған кандидат Амалбек Бейбіт ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту және қоғамдық бірлікті нығайту бағытындағы ұсыныстарын жариялады.
Ауыл инфрақұрылымы және экологиялық тазалық
Кандидат ауыл тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелердің қатарында ауызсумен қамтамасыз ету, электр жарығы, газдандыру және жолдардың жағдайын атап өтті.
Сайланған жағдайда ол №3 сайлау округі тұрғындарының талап-тілектерін назарда ұстап, аталған мәселелерді тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жеткізуді көздейді.
Бағдарламада ауылдардың санитарлық-экологиялық тазалығын сақтау және елді мекендерді абаттандыру бағытында мақсатты жұмыстар жүргізуге ықпал ету де қарастырылған.
Жастар саясаты және қоғамдық ынтымақтастық
Амалбек Бейбіт «Ақсақалдар кеңесі», «Аналар кеңесі» секілді қоғамдық ұйымдармен және белсенді жастармен бірлесіп, ауыл тұрғындарының ынтымағын нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды ұсынады.
Ол жастарды мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларға тарту, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау мәселелеріне көңіл бөлмек.
Қазіргі уақытта ауданның ветеринария саласында қызмет атқаратын кандидат тұрғындармен бірлесіп жұмыс жүргізуді және ауыл халқының өзекті мәселелерін шешуге атсалысуды депутаттық қызметінің негізгі міндеттері ретінде атады.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: А.М. Бейбіт.
№3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.




