Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Жалғас Іңкәрбек сайлауалды бағдарламасында бұқаралық спортты дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және ауылдық жерлерде спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасауға басымдық берді.
Дене шынықтыру және спорт саласында қызмет атқаратын кандидат ауылдық елді мекендердегі спорт нысандарының қолжетімділігін арттыруды, спорт алаңдары мен жаттығу орындарын көбейтуді көздейді.
Жастарды спортқа тарту
Іңкәрбек жасөспірімдерге арналған спорттық үйірмелер мен секциялардың жұмысын жандандыруға ықпал етуді жоспарлап отыр. Оның бағдарламасында балалардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру және тұрақты түрде спортпен айналысуына жағдай жасау мәселелері қамтылған.
Сонымен қатар кандидат бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға, ұлттық спорт түрлерін дамытуға және жастар арасында спорт мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдауды ұсынады.
Өмірбаяны
Жалғас Нұрланұлы Іңкәрбек 2002 жылы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының Ақыртөбе ауылдық округіне қарасты Ақыртөбе ауылында дүниеге келген.
2023 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Қазіргі уақытта №2 балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубында нұсқаушы болып жұмыс істейді.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: Ж.Н. Іңкәрбек.
Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.




