«Әділет» партиясынан Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына №2 сайлау округі бойынша ұсынылған кандидат Ұлыбек Қожанқұлов ауыл жастарының жұмыспен қамтылуы мен кәсіби дамуына қатысты ұсыныстарын сайлауалды бағдарламасына енгізді.
Кандидаттың айтуынша, ауылдық жерлердегі жұмыс орындарының тапшылығы жастардың ірі қалаларға қоныс аударуына әсер ететін факторлардың бірі. Осыған байланысты ол ауылдардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту және жастардың туған жерінде тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасау мәселелерін көтеруді жоспарлап отыр.
Жастарды кәсіби даярлау және жұмыспен қамту
Қожанқұлов ауылдық елді мекендерде шағын өндірістік алаңдар мен индустриялық орталықтар құру арқылы жастардың кәсіп меңгеруіне және жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасауды ұсынады.
Бағдарламада жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жергілікті өндірісті дамыту және кәсіби даярлау мәселелері қамтылған. Кандидат ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытындағы кәсіпорындардың ашылуы да жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруға ықпал етеді деп санайды.
Ол ауыл жастарының туған жеріне оралып, еңбек етуіне және отбасын құруына қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдай қалыптастыруды бағдарламадағы басымдықтардың бірі ретінде көрсеткен.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: Ұ. Қожанқұлов.
№2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.




