ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Мен, Бакаев Жұлдызбек Төленұлы, 1985 жылғы 15 ақпанда Қордай ауданының Қаракемер ауылында дүниеге келдім. Білімім – жоғары. 2005 жылы қазіргі гуманитарлық-техникалық колледжді «заңгер» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 2011 жылы «Калпаков» шаруа қожалығы директорының орынбасары болып бастадым. 2013–2016 жылдары аталған шаруашылықты басқардым. 2016–2021 жылдары Қаракемер ауылдық округінің әкімі, 2021 жылы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, кейін аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқардым. 2025 жылғы желтоқсаннан бері де аудан әкімінің орынбасары қызметін жалғастырып келемін.
Ауданның дамуы тек жаңа нысандар салумен немесе жолдарды жөндеумен ғана шектелмейді. Ең бастысы – тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру, жастардың дамуына мүмкіндік жасау, аға буынға құрмет көрсету, әрбір отбасының әл-ауқатын арттыруға жағдай туғызу және туған жердің жарқын болашағына деген сенімді нығайту. Сондықтан елді мекендердің инфрақұрылымын жетілдірумен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етуге ерекше мән беремін. Басты мақсатым – ауданның әлеуетін тиімді пайдаланып, тұрғындардың қажеттіліктеріне жауап беретін, келешек ұрпаққа берік негіз болатын игі бастамаларды қолдау..
Мен үшін депутат болу – мәртебе емес, халық алдындағы зор жауапкершілік. Сондықтан тұрғындардың әрбір ұсынысы мен өтінішіне мұқият қарап, көтерілген мәселелердің тиісті мемлекеттік органдарда қаралуына ықпал етуді, қабылданған шешімдердің орындалуын депутаттық бақылауда ұстауды және атқарылған жұмыстар туралы халыққа ашық әрі жүйелі түрде есеп беруді басты ұстанымым деп білемін.
«Әрбір игі бастама – ел болашағына жасалған қадам, әрбір нақты іс – халық алдындағы жауапкершілік!»
Құрметпен, Бакаев Жұлдызбек Төленұлы
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: Ж.Бакаев.
№1 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.







