• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
20.11.2026, 00:28
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Әділет» кандидаттары Байзақ ауданында өңірді дамытудың басым бағыттарын таныстырды

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
19.11.2026, 18:05
Сайлау-2026
«Әділет» кандидаттары Байзақ ауданында өңірді дамытудың басым бағыттарын таныстырды
3
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысында «Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Кезекті жұмыс сапары аясында партияның партиялық тізімі бойынша ұсынылған кандидаттар Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы мен Жүнісова Фарида Амансарықызы Байзақ ауданына барып, «Қазақтелеком» АҚ және «ГАЗ-СЕРВИС» ЖШС еңбек ұжымдарымен, сондай-ақ «Бегей» сауда орталығының кәсіпкерлері мен тұрғындарымен кездесті. Кездесулерде цифрлық инфрақұрылымды дамыту, өндірістік әлеуетті арттыру және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланды.

Алғашқы кездесу «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлерімен өтті. Жүздесу барысында телекоммуникация саласын дамыту, ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамту және цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру мәселелеріне басымдық берілді. Кандидаттар қатысушыларға «Әділетті болашақ үшін» атты 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламаның «Цифрлық мемлекет» бағытын таныстырды.

Бағдарламаға сәйкес, 2031 жылға дейін ауылдық елді мекендерді интернетпен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу, 164 елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту және шалғайдағы 83 ауылды ескірген 2G/3G стандартынан 4G желісіне көшіру жоспарланған. Сонымен қатар аудандық деңгейде 10 жаңа IT-хаб ашу көзделіп отыр.

«Ауылдық елді мекендердегі интернет сапасын жақсарту – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Цифрлық инфрақұрылымның дамуы тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алуына, онлайн білім алуына және жаңа технологияларды пайдалануына мүмкіндік береді. Бұл ауыл мен қала арасындағы цифрлық алшақтықты азайтып, өңірдің экономикалық дамуына да серпін береді», – деді кандидат Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы.

Жұмыс сапарының келесі бағыты «ГАЗ-СЕРВИС» ЖШС кәсіпорны болды. Мұнда кандидаттар еңбек ұжымымен кездесіп, өндірісті дамыту, инвестиция тарту, отандық кәсіпорындарды қолдау және тұрақты жұмыс орындарын ашу мәселелерін талқылады.

Өңірлік сайлауалды бағдарламада 2031 жылға дейін 116 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құру міндеті қойылған. Бұған қоса, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 63,1 мың адамды қамту жоспарланған.

«Өңір экономикасының тұрақты дамуы жаңа өндірістерді іске қосумен және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың әлеуетін арттырумен тығыз байланысты. Бұл ретте еңбек адамының жағдайы, қауіпсіз еңбек ортасы мен әлеуметтік кепілдіктер де назардан тыс қалмауы тиіс. Бағдарламада жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар, жұмыспен қамту шараларын кеңейтуге де басымдық берілген», – деді кандидат Жүнісова Фарида Амансарықызы.

Кандидаттардың тұрғындармен келесі кездесуі «Бегей» сауда орталығында өтті. Сауда саласының өкілдерімен және келушілермен жүздесу барысында шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлерге қолдау көрсету және ауылдық жерлердегі экономикалық белсенділікті арттыру мәселелері қозғалды.

Бағдарламада 2031 жылға қарай шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 27,2 пайызға, орта кәсіпкерліктің үлесін 5,6 пайызға жеткізу көзделген. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 5,2 мың жеңілдетілген микрокредит беруге, ал «Іскер аймақ» бағдарламасы арқылы шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кемінде 500 кәсіпкерлік жобаны қолдауға басымдық берілген. Бұл бастамалар кәсіпкерлік қызметті кеңейтуге, жаңа өндірістер ашуға және жергілікті тұрғындардың табыс көздерін арттыруға бағытталған.

Үш кездесу барысында да кандидаттар цифрлық технологиялар, өндіріс және кәсіпкерлік салаларының өзара байланысына тоқталып, өңірдің орнықты дамуы үшін әр бағытта жүйелі жұмыс жүргізудің маңызын атап өтті. Сонымен қатар еңбек ұжымдары мен тұрғындардың пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелер мен ұсыныстарды назарға алды.

29 қарашада Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында «Әділет» партиясының кандидаттарына дауыс беріңіз!

 

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Д. А. Каипов.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Аса ауылының дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар

Аса ауылының дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар

19.11.2026, 23:33
Бакаев: Туған жердің болашағы – ортақ жауапкершілігіміз!

Бакаев: Туған жердің болашағы – ортақ жауапкершілігіміз!

19.11.2026, 15:30
Алмат Сатышев: Болашаққа – сенімді қадаммен

Алмат Сатышев: Болашаққа – сенімді қадаммен

19.11.2026, 11:20
Увалиева Катира: Берекелі ауыл – қуатты өңір!

Увалиева Катира: Берекелі ауыл – қуатты өңір!

19.11.2026, 10:44
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Аса ауылының дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар

19.11.2026, 23:33

«Әділет» кандидаттары Байзақ ауданында өңірді дамытудың басым бағыттарын таныстырды

19.11.2026, 18:05

Бакаев: Туған жердің болашағы – ортақ жауапкершілігіміз!

19.11.2026, 15:30

Алмат Сатышев: Болашаққа – сенімді қадаммен

19.11.2026, 11:20

Увалиева Катира: Берекелі ауыл – қуатты өңір!

19.11.2026, 10:44

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.