• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
19.11.2026, 11:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Дамуға бағыт, елге қызмет!» — Сабыр Ұлан

turan_admin turan_admin
19.11.2026, 09:47
Сайлау-2026
«Дамуға бағыт, елге қызмет!» — Сабыр Ұлан
4
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Мен, Сабыр Ұлан Нұрланұлы, 1996 жылы 29 наурызда Қордай ауданының Ауқатты ауылында дүниеге келдім. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлік саласында еңбек етемін.

Кәсіпкерлік қызмет барысында жауапкершіліктің, жүйелі жұмыстың және нақты нәтижеге қол жеткізудің маңызын түсіндім. Тұрғындардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру, елді мекендердің дамуына үлес қосу әрбір азаматтың ортақ міндеті деп санаймын.

Қордай ауылы – ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінің орталығы. Ауылдың орталық бөлігінде орналасқан қоғамдық нысандардың жағдайы, инфрақұрылымның сапасы мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мәселелері әрдайым өзекті болып қала береді. Осыған байланысты сайлауалды бағдарламамда орталық саябақтардың абаттандырылуы мен санитарлық жағдайы, аудандық стадион мен мәдениет үйінің тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ тұрғындардың мәдени және спорттық іс-шараларға қолжетімділігі басты назарда болады.

Сонымен қатар орталық базарлар мен сауда орындарының айналасындағы инфрақұрылым, автотұрақтардың жеткіліктілігі, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, көшелерді жарықтандыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері назардан тыс қалмайды.

Халықпен тұрақты байланыс орнату, тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін ескеру және атқарылған жұмыстар туралы ашық ақпарат беру депутаттық қызметімнің негізгі қағидаттарының бірі болмақ.

Мен үшін басты құндылық – халықтың сенімі, ал басты ұстаным – әділдік, жауапкершілік және туған жердің дамуына адал қызмет ету.

Құрметпен, Сабыр Ұлан

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Қордай ауылындағы Домалақ ана және Өтеген батыр көшелерінде жоспарланған орташа жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақтылы жүргізілуін назарда ұстау. Ауылішілік жолдардың жағдайын жақсарту, жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтіру және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық беру.

2. КӨЛІК КЕПТЕЛІСІН АЗАЙТУ ЖӘНЕ КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ

Төле би көшесіндегі қолданыстағы жалғыз көпірге түсетін көлік жүктемесіне байланысты туындайтын кептеліс мәселесін назарда ұстау. Көлік қозғалысын жеңілдету мақсатында Қарасай батыр көшесінде жаңа көпір салу және жолды кеңейту бойынша жоспарланған жұмыстардың іске асырылуына ықпал ету, орындалу барысын депутаттық бақылауда ұстау.

3. КӘСІПКЕРЛІК ПЕН САУДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

Орталық базарлар мен сауда орындарының айналасындағы инфрақұрылымды жақсарту, автотұрақтарды ретке келтіру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мәселелерін назарда ұстау. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, жергілікті кәсіпкерлердің ұсыныстарын ескеру және кәсіпкерлікке қолайлы жағдай қалыптастыру бағыттарына басымдық беру.

4. ОРТАЛЫҚ САЯБАҚТАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДЫ АБАТТАНДЫРУ

Қордай ауылындағы орталық саябақтар мен қоғамдық демалыс орындарының санитарлық жағдайын, көгалдандырылуын және жарықтандырылуын назарда ұстау. Балалар ойын алаңдарын, демалыс аймақтарын және жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылымды жақсарту мәселелерінің тиісті деңгейде қаралуына ықпал ету.

5. СПОРТТЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАУ

Аудандық орталық стадионның инфрақұрылымын жақсарту, спорт нысандарының тиімді пайдаланылуы және тұрғындардың бұқаралық спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау мәселелерін назарда ұстау. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық іс-шаралар мен жергілікті спорттық бастамаларды қолдауға басымдық беру.

6. МӘДЕНИЕТ ПЕН ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАУ

Аудандық мәдениет үйінің қызметін дамыту, мәдени-көпшілік іс-шаралардың қолжетімділігін арттыру және тұрғындардың мәдени өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау мәселелерін назарда ұстау. Жастардың шығармашылық бастамаларын, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және бос уақытты тиімді ұйымдастыру бағыттарын қолдау.

7. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ТӘРТІП

Округ аумағындағы адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін назарда ұстау. Орталық базарлар, саябақтар, мәдениет үйі мен стадион маңындағы көлік қозғалысын реттеу, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін арттыру және қажетті аумақтарда бейнебақылау жүйелерін жетілдіру мәселелерінің қаралуына ықпал ету.

8. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА

Қарт адамдардың, көпбалалы отбасылардың, мүгедектігі бар азаматтардың және әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрғындардың мәселелерін назарда ұстау. Мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, қоғамдық нысандарда кедергісіз орта қалыптастыру және тұрғындардың әлеуметтік сипаттағы өтініштерінің тиісті деңгейде қаралуына ықпал ету.

9. ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Қордай ауылының санитарлық тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды уақтылы жинау және шығару, заңсыз қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеу мәселелерін назарда ұстау. Орталық саябақтар, базарлар, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету, қоқыс контейнерлерінің жеткіліктілігі мен оларды орналастыру мәселелерін бақылауда ұстау. Ауыл аумағын көгалдандыру, жасыл желектерді күтіп ұстау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға қолдау көрсету.

10. ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ДЕПУТАТТЫҚ БАҚЫЛАУ

Округ тұрғындарымен тұрақты байланыс орнатып, олардың ұсыныстары мен өтініштерін жүйелі түрде қарау. Өзекті мәселелердің ауданның даму жоспарлары мен бюджетінде ескерілуіне ықпал ету, қабылданған шешімдердің орындалуын депутаттық бақылауда ұстау және атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдында ашық есеп беру.

Сіздердің сенімдеріңіз – менің басты жауапкершілігім!

Әрбір ұсыныстарыңыз – назарымда, әрбір мәселе – бақылауымда!

Ортақ мақсатымыз – көркейген Қордай!!

Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.

Тапсырыс беруші: Сабыр Ұлан.

№11 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.

Тегтер: Сабыр Ұлан
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Алмат Сатышев: Болашаққа – сенімді қадаммен

Алмат Сатышев: Болашаққа – сенімді қадаммен

19.11.2026, 11:20
Увалиева Катира: Берекелі ауыл – қуатты өңір!

Увалиева Катира: Берекелі ауыл – қуатты өңір!

19.11.2026, 10:44
Аманбаев: Нақты іс. Адал еңбек. Елге қызмет!

Аманбаев: Нақты іс. Адал еңбек. Елге қызмет!

19.11.2026, 10:31
Алибек Далбайұлы: Ел ісіне – адал қызмет!

Алибек Далбайұлы: Ел ісіне – адал қызмет!

19.11.2026, 09:29
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алмат Сатышев: Болашаққа – сенімді қадаммен

19.11.2026, 11:20

Увалиева Катира: Берекелі ауыл – қуатты өңір!

19.11.2026, 10:44

Аманбаев: Нақты іс. Адал еңбек. Елге қызмет!

19.11.2026, 10:31

«Дамуға бағыт, елге қызмет!» — Сабыр Ұлан

19.11.2026, 09:47

Алибек Далбайұлы: Ел ісіне – адал қызмет!

19.11.2026, 09:29

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.