• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
19.11.2026, 11:13
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Аманбаев: Нақты іс. Адал еңбек. Елге қызмет!

turan_admin turan_admin
19.11.2026, 10:31
Сайлау-2026
Аманбаев: Нақты іс. Адал еңбек. Елге қызмет!
3
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Қордай ауданының басты байлығы — еңбекқор халқы мен туған жерінің өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтары. Әрбір тұрғынның әл-ауқаты мен өмір сапасы ауданымыздың болашағы үшін маңызды.

Ауылдардың тең дәрежеде дамуы, сапалы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, тұрақты жұмыс орындары мен жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау – басты міндеттердің бірі.

Барлық мәселені бірден шешу мүмкін болмаса да, депутаттық өкілеттігім аясында халықтың мүддесін қорғап, өзекті мәселелердің шешілуіне және орындалуын бақылауға бар күшімді саламын. Мен үшін құр сөзден гөрі нақты нәтиже маңызды.

Бірлік пен ортақ еңбектің арқасында ауданымызды дамытып, болашақ ұрпаққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастырамыз!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Мен үшін басты қағидалар әділдік, жауапкершілік және халықпен тығыз байланыс. Әр ауылдың дамуына үлес қосып, тұрғындардың мүддесін қорғауды маңызды міндетім деп санаймын.

Сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз мен үшін маңызды. Әр мәселені назарға алып, оның оң шешілуіне күш салуға дайынмын.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен Аманбаев Станислав Есенгелдіұлы, Қостанай облысында дүниеге келдім. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы Қордай ауданы, Қордай ауылында тұрамын.

Мамандығым әскери қызметші. 2007 жылы Алматы қаласындағы ҚР ҰҚК Әскери институтын бітірдім.

Еңбек жолымды 2013 жылы Қордай ауданының «Сортөбе» шекара бақылау пунктінің бастығы болып бастадым. 2014–2015 жылдары Қордай шекара отрядының офицері қызметін атқардым. 2016 жылдан бері Қордай ауданының әлеуметтік нысандарын қоғамдық тамақтандырумен қамтамасыз ететін ИП «Аманбаев» басшылық етіп келемін.

Әскери қызмет пен кәсіпкерлікте жинақталған мол тәжірибе маған ел мен қоғам алдындағы жауапкершіліктің маңызын терең ұғындырды. Қоғамдық қауіпсіздік пен әлеуметтік саланың мәселелері маған әрқашан жақын әрі түсінікті.

Ауданның дамуы тұрғындардың әл-ауқатын арттырудан, өскелең ұрпаққа сапалы жағдай жасаудан басталады. Басты назарда әлеуметтік нысандарда, соның ішінде білім беру мекемелерінде тамақтану сапасын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту және халықты толғандыратын өзекті мәселелерді шешу тұр.

Әрбір азаматқа лайықты өмір сүру жағдайы жасалып, ауданымыздағы этносаралық татулық пен тұрақтылық нығайтылуға тиіс деп сенемін. Мен үшін ел бірлігі, қайырымдылық және мұқтаж жандарға қолдау көрсету қашанда басты құндылық.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін нақты істер мен ашық жұмыс қажет. Менің білімім мен офицерлік, кәсіпкерлік тәжірибем туған жердің өркендеуіне, қоғамдық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталатын болады.

Мен үшін депутаттық жұмыстың басты нәтижесі – халықтың өміріндегі нақты өзгерістер.

Құрметпен, Аманбаев Станислав

Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.

Тапсырыс беруші: С. Аманбаев

№6 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.

Тегтер: Станислав Аманбаев
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Увалиева Катира: Берекелі ауыл – қуатты өңір!

Увалиева Катира: Берекелі ауыл – қуатты өңір!

19.11.2026, 10:44
«Дамуға бағыт, елге қызмет!» — Сабыр Ұлан

«Дамуға бағыт, елге қызмет!» — Сабыр Ұлан

19.11.2026, 09:47
Алибек Далбайұлы: Ел ісіне – адал қызмет!

Алибек Далбайұлы: Ел ісіне – адал қызмет!

19.11.2026, 09:29
Бағлан Жүнісбековтің ауыл медицинасындағы еңбек жолы

Бағлан Жүнісбековтің ауыл медицинасындағы еңбек жолы

19.11.2026, 04:54
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Увалиева Катира: Берекелі ауыл – қуатты өңір!

19.11.2026, 10:44

Аманбаев: Нақты іс. Адал еңбек. Елге қызмет!

19.11.2026, 10:31

«Дамуға бағыт, елге қызмет!» — Сабыр Ұлан

19.11.2026, 09:47

Алибек Далбайұлы: Ел ісіне – адал қызмет!

19.11.2026, 09:29

Бағлан Жүнісбековтің ауыл медицинасындағы еңбек жолы

19.11.2026, 04:54

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.