• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
19.11.2026, 11:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Алибек Далбайұлы: Ел ісіне – адал қызмет!

turan_admin turan_admin
19.11.2026, 09:29
Сайлау-2026
Алибек Далбайұлы: Ел ісіне – адал қызмет!
7
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен, Омар Алибек Далбайұлы,1964 жылы 19 қазанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Алға ауылында дүниеге келдім.

1982-1984 Кеңес әскерінде азаматтық борышымды өтедім.

1985-1990 жылдары Алматы сәулет-құрылыс институты( КазГАСА) инженер- құрылысшы.

2000 жылы Қырғыз мемлекеттік ұлттық университеті” қаржы және несие” мамандығы бойынша оқып бітірдім.

Еңбек жолымды 1990 жылы Қордай агррпромстройда -инженер болып бастадым.

1994-2003 жылдары Жамбыл облысы бойынша  Кеден бекетінде инспектор, аға инспектор,бас инспектор болып қызмет атқардым.

2005 жылдан бастап жеке кәсіпкермін.

2008 жылдан бүгінгі күнге дейін «IZGI IS QORDAI» Ж.Ш.С.(“Ізгі ниет” бұрынғы атауы)-басшысымын.

Қордай аудандық мәслихатының VIII-болдым.Ауданның тұрақты дамуы инфрақұрылымдық мәселелерді жүйелі шешуге, кәсіпкерлікті қолдауға және тұрғындарға қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға байланысты деп есептеймін.

Инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және елді мекендердің тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларға ерекше көңіл бөлемін.

Менің ұстанымым – бар мәселелерді айтып қана қоймай, олардың нақты шешілуіне қол жеткізу. Әрбір жүзеге асқан жоба тұрғындарға пайда әкеліп, ауданның дамуына және келер ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуына ықпал етуі тиіс.

Мен үшін жұмыстың басты нәтижесі – нақты істер, дамыған инфрақұрылым, кәсіпкерлікке арналған жаңа мүмкіндіктер және халықтың өмір сүру сапасының артуы.

                                         Құрметпен, Алибек Омар

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК

2027 жылы Алға ауылындағы Алдабергенов көшесін және ауданның басқа да жөндеуді қажет ететін жолдарын жөндеуге қол жеткізу. Мүзбел, Қогадір, қоғамдық көліктің тұрақты жүруіне және жолдардың сапалы күтіп ұсталуына ықпал ету.

СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Ауылдық округтің барлық елді мекендерін сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге, инженерлік желілерді жаңғыртуға, электр энергиясының тұрақты берілуіне және көшелерді жарықтандыруды жақсартуға ықпал ету.

ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

      Ауыл шаруашылығна арналған бағдарламаларды тиімді пайдалану.

Шағын және орта бизнесті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін мемлекеттен қарастырылған жеңілдіктердің іске асыуна ат салысу. Жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын кәсіпкерлікті дамытуға және ауылға инвестиция тартуға ықпал ету. Тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіби даярлау және жастар кәсіпкерлігін қолдау бағытындағы бастамаларға жәрдемдесу.

ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Ауылдық округтің барлық ауылдарында медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға, дәрігерлердің қолжетімділігін арттыруға және медициналық пункттерді қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал ету. Ауылдық жерлерге медицина мамандарын тартуға қолдау көрсету.

ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Орта мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға және білім беру мекемелеріне апаратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қол жеткізу. 2027 жылы мектептерге кіреберіс жолдарды ретке келтіруге, сондай-ақ балалар және спорт алаңдарын дамытуға ерекше көңіл бөлу. Сонымен қатар ауыл жастарының спортпен, мәдениетпен және қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысуына мүмкіндік беретін бастамаларды қолдау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және жан-жақты дамуына жағдай жасау. Көршілес орналасқан Алға, Көгадыр және Мұзбел үш ауылдың тұрғындарына ортақ заманауи спорт нысанының құрылысын бастауға ықпал ету. Сондай-ақ Көгадыр ауылында кіші футбол алаңын салу мәселесін көтеріп, ауыл тұрғындары мен жастарының спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Қарт адамдардың, көпбалалы отбасылардың және мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ету. Әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, мұқтаж отбасыларға атаулы көмек көрсетуге және қоғамдық әрі әлеуметтік нысандарда кедергісіз орта қалыптастыруға жәрдемдесу.

САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ

Ауданның барлық елді мекендерін, оның ішінде шалғай ауылдарды тұрақты ұялы байланыспен және жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етуге ықпал ету. Ауылдық мекемелерге цифрлық технологияларды енгізуге және тұрғындар үшін электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу.

ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында округтің барлық елді мекендерін абаттандыруға, қоқыс жинау және шығару жүйесін жақсартуға, аумақтарды көгалдандыруға және тұрғындарға қолайлы қоғамдық орындар құруға ықпал ету. Сонымен қатар Әлжан ана ауылының саябағын абаттандыру, оның аумағын көркейту, жасыл желектер отырғызу және тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруға ықпал ету.

Сіздердің пікірлеріңіз – менің бағдарыма негіз!

Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын!

Әр шешімім – туған жердің игілігі үшін!

Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.

Тапсырыс беруші: А.Омар.

№14 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.

Тегтер: Алибек Омар
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Увалиева Катира: Берекелі ауыл – қуатты өңір!

Увалиева Катира: Берекелі ауыл – қуатты өңір!

19.11.2026, 10:44
Аманбаев: Нақты іс. Адал еңбек. Елге қызмет!

Аманбаев: Нақты іс. Адал еңбек. Елге қызмет!

19.11.2026, 10:31
«Дамуға бағыт, елге қызмет!» — Сабыр Ұлан

«Дамуға бағыт, елге қызмет!» — Сабыр Ұлан

19.11.2026, 09:47
Бағлан Жүнісбековтің ауыл медицинасындағы еңбек жолы

Бағлан Жүнісбековтің ауыл медицинасындағы еңбек жолы

19.11.2026, 04:54
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Увалиева Катира: Берекелі ауыл – қуатты өңір!

19.11.2026, 10:44

Аманбаев: Нақты іс. Адал еңбек. Елге қызмет!

19.11.2026, 10:31

«Дамуға бағыт, елге қызмет!» — Сабыр Ұлан

19.11.2026, 09:47

Алибек Далбайұлы: Ел ісіне – адал қызмет!

19.11.2026, 09:29

Бағлан Жүнісбековтің ауыл медицинасындағы еңбек жолы

19.11.2026, 04:54

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.