Сенегал астанасы Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында Жамбыл облысының спортшысы Бибарыс Әшірбай күміс медаль иеленді.
Жерлесіміз 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, қарсыластары арасында жоғары нәтиже көрсетті. Нәтижесінде Бибарыс Әшірбай халықаралық додада екінші орынға тұрақтап, Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.
Осылайша, жамбылдық жас спортшы халықаралық аренада өңір намысын абыроймен қорғап, ел қоржынына күміс медаль салды.
Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды







