• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.11.2026, 21:54
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы инвестиция тартудан республикада көш бастап тұр

Экономиканың тұрақты дамуы мен өңірдің әлеуетін арттыруда инвестицияның маңызы зор. Жаңа өндіріс орындарын ашу, инфрақұрылымды дамыту, жұмыс орындарын көбейту және заманауи технологияларды енгізу тікелей инвестициялық саясаттың тиімділігіне байланысты.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
09.11.2026, 16:56
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысы инвестиция тартудан республикада көш бастап тұр
13
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан Жамбыл облысы биыл бірқатар маңызды көрсеткіш бойынша республика өңірлері арасында алдыңғы орындарға шықты.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Жамбыл облысы тікелей шетелдік инвестиция тарту қарқыны жөнінен республикада бірінші орынға ие болды. Өңірге тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 456,4 миллион АҚШ долларын құрады. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2025 жылдың қорытындысында бұл көрсеткіш 289,7 миллион доллар болған. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі биылғы тоғыз айда 721,9 миллиард теңгеге жетті. Оның 56,1 миллиард теңгесі бюджет қаражаты болса, 665,8 миллиард теңгесі жеке инвестицияларға тиесілі. Нәтижесінде облыс негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны бойынша республикада екінші орынға тұрақтады.

Бұл көрсеткіштер өңірге инвесторлар қызығушылығының артып келе жатқанын аңғартады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқына Жолдауында инвестициялық саясатты жетілдіру, жеке капитал тарту және инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелеріне басымдық берген болатын. Осы міндеттерді жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдармен қатар, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және «Zhambyl Invest» ЖШС бірлесе жұмыс жүргізуде.

Кәсіпкерлік кодексі мен қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес, Zhambyl Invest өңірге инвестиция тарту және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі мамандандырылған ұйым ретінде қызмет атқарады. Оның жұмысы инвестиция тарту, жобаларды сүйемелдеу, талдау және стратегиялық даму бағыттарын қамтиды.

Ұйымның биылғы тоғыз айдағы жұмысына көз жүгіртсек, отандық және шетелдік инвесторлармен, мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың өкілдерімен 310 кездесу және келіссөз жүргізілген. Сонымен қатар жалпы саны 17 екіжақты құжатқа қол қойылған. Бұл кездесулер жаңа жобалар бойынша серіктестік орнатуға ғана емес, жұмыс істеп тұрған инвесторлардың мәселелерін шешуге де бағытталған.

Бүгінде Zhambyl Invest жалпы құны 5,6 триллион теңгені құрайтын, 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуды көздейтін 116 инвестициялық жобадан тұратын облыстық пулға тұрақты мониторинг жүргізеді. Мұндағы басты міндет – жобалардың орындалу барысын бақылау, туындаған түйткілдерді дер кезінде анықтау және инвесторларға қажетті қолдау көрсету. Әсіресе мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және табиғи монополия субъектілерімен өзара іс-қимылды үйлестіруге басымдық берілген.

Инвестициялық жұмыстың нақты нәтижесі – пайдалануға берілген кәсіпорындар мен іске қосылған өндіріс орындары. Биыл тоғыз айда жалпы құны 338 миллиард теңгені құрайтын 26 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 21 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-нің күкірт қышқылы зауыты, «Alit Holding» ЖШС-нің құрғақ құрылыс қоспалары мен мәрмәр ұны өндірісі, «TRZ Agro» ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды. Сондай-ақ Шу ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың телекөпір арқылы қатысуымен «Shengtai Biotech» ЖШС-нің жүгеріні терең өңдеу өнеркәсіптік кешенінің бірінші кезеңі пайдалануға берілді. Бұл жоба ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуге, қосылған құны жоғары өнім шығаруға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, бірқатар ірі жобаның құрылысы басталды. Олардың қатарында Францияның TotalEnergies және Біріккен Араб Әмірліктерінің Masdar компаниялары жүзеге асыратын жел электр станциялары, «Gakku Qus» ЖШС-нің инкубациялық жұмыртқа өндіру кәсіпорны, сондай-ақ «For You Energy» ЖШС-нің қатты тұрмыстық қалдықтарды электр энергиясына айналдыратын зауыты бар.

Жыл басынан бері өңірдің инвестициялық имиджін нығайту мақсатында отандық және шетелдік серіктестердің қатысуымен 9 іс-шара ұйымдастырылды. Оның бесеуінде құрылыс жұмыстарының басталу рәсімі өткізіліп, төрт инвестициялық жоба іске қосылды.

Инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруда дайын инженерлік инфрақұрылымның да маңызы ерекше. Бүгінде облыста «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы мен «Тараз» индустриялық аймағы жұмыс істейді. Мұнда кәсіпкерлерге өндірістік жобаларды жүзеге асыруға қажетті жер учаскелері, инженерлік инфрақұрылым және заңнамада көзделген мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.

Әсіресе «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға айтарлықтай үлес қосып келеді. Қазіргі таңда мұнда химия, металлургия, агроөнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі бағыттарында жалпы құны 964 миллиард теңгені құрайтын 25 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл бастамалар жаңа өндірістерді қалыптастырумен қатар, жұмыс орындарын ашуға және жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға бағытталған.

Сонымен бірге Zhambyl Invest өңірдің әр ауданының ресурстық мүмкіндіктерін, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары мен инфрақұрылымдық әлеуетін саралап, инвестициялық дамудың басым бағыттары стратегиясын әзірлеген. Әлеуетті шетелдік инвесторларға ай сайын инвестициялық ұсыныстар жолданып, бұл жұмыста Сыртқы істер министрлігі мен шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің мүмкіндіктері пайдаланылуда. Өңірдің әлеуетін танытуда цифрлық коммуникация арналары да кеңінен қолданылады.

Жалпы, Жамбыл облысында инвестиция тарту жұмысы жекелеген жобаларды іске асырумен шектелмей, экономиканың ұзақ мерзімді дамуына бағытталған жүйелі саясатқа ұласып отыр. Тікелей шетелдік инвестиция көлемінің артуы, жаңа өндірістердің іске қосылуы және ірі жобалардың құрылысын бастау өңірдің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейте түсуде. Ал алдағы кезеңдегі басты міндет – инвестициялық жобалардың уақытылы әрі сапалы жүзеге асуын қамтамасыз етіп, олардың нәтижесін халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағыттау.

Тегтер: бірінші орынЖамбыл облысыинвестиция
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22
«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15
Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52
Мойынқұм ауданында экологиялық ағарту және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде

Мойынқұм ауданында экологиялық ағарту және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде

11.11.2026, 12:46
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауыл инфрақұрылымы, кәсіпкерлік және цифрлық даму: «Әділет» кандидаттары Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесті

11.11.2026, 19:44

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.