Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитет басшысының бұйырығымен Сабыралиев Жаснұр Беделбайұлы Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №67 мекеменің (тергеу изоляторы) бастығы болып тағайындалды.
САБЫРАЛИЕВ ЖАСНҰР БЕДЕЛБАЙҰЛЫ
Сабыралиев Жаснұр Беделбайұлы 1984 жылғы 26 желтоқсанда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
2007 жылы «Қайнар» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Құқық қорғау органдарындағы қызметін 2010 жылғы 19 қарашадан бастаған. Еңбек жолында кадр жұмысы, жедел бөлім және сотталғандармен жұмыс бағыттарында түрлі лауазымдарды атқарған.
2015–2018 жылдары Алматы қаласындағы ҚАЖ жүйесінде кадр жұмысы және жауынгерлік-қызметтік даярлық тобының аға инспекторы қызметін атқарған.
2018–2021 жылдары Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЛА-155/4 мекемесінде жедел бөлімнің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі және бөлім бастығы лауазымдарында жұмыс істеген.
2021–2023 жылдары Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЛА-155/8 мекемесінде діни экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының жедел уәкілі, жедел бөлімнің аға жедел уәкілі, сондай-ақ №57 мекеменің жедел бөлім бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
2023 жылдың қараша айынан бастап Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде басшылық лауазымдарда қызмет еткен. Атап айтқанда, №59 мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, №25 мекеме бастығының жалпы мәселелер және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру жөніндегі орынбасары болған.
2024 жылғы 7 қарашадан 2025 жылғы 31 қазанға дейін №67 мекеме – тергеу изоляторы бастығының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2025 жылғы 1 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №67 мекеменің (тергеу изоляторы) бастығының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
2024 жылғы 11 қазанда мерзімінен бұрын әділет подполковнигі арнаулы атағы берілген.
2024 жылғы 24 қыркүйектегі аттестаттау қорытындысы бойынша атқарып отырған лауазымына сәйкес деп танылған. Ал 2025 жылғы 18 шілдедегі кезектен тыс аттестаттау нәтижесінде жоғары тұрған басшылық лауазымға ұсыну жөнінде ұсыным берілген.
Мемлекеттік наградалары жоқ. Қазақ тілін – ана тілі ретінде, орыс тілін еркін меңгерген.
TURANINFO.KZ







