• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Астаналықтарды сақ жауынгерлерінің дулығасы таңқалдырды

27.07.2017
0
Астаналықтарды сақ жауынгерлерінің дулығасы таңқалдырды
287
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Астаналықтарды сақ жауынгерлерінің дулығасы таңқалдырды
Елордалықтарға Жамбыл облысының күндері аясында мұражайларда өте сирек кездесетін экспонаттың бірі – сақ жауынгерлерінің дулығасының инсталяциясы таныстырылды. Қоладан жасалынған алып дулыға біздің заманымыздан бұрынғы 6-5 ғасырларға жатады.
— Тарихтың біз біле бермейтін қызықты деректері көп екеніне бүгін көзім жетті. Әсіресе сақ жауынгерлері дулығасының өлшемі таңқалдырды. Бұрынғы заманда ата-бабаларымыз бізден әлдеқайда ірі блғанын естігем, бірақ мұндай бас киімді көруім бірінші рет. Керемет көрме екен! – деп, ағынан жарылды астаналық Жәнібек Маемгенов.
Сақтардан келешек ұрпаққа аманат еткен, сол дәуірде аңшылық пен соғысқа қолданған екі дөңгелекті арба да елордалықтарға паш етілді. Осындай арбалармен олар Ежелгі Грецияда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан.
Астанаға жамбылдықтар Сарысу ауданында табылған Ынталы үңгірінің көшірмесін де әкелді. Көрмеге келушілер үңгірдің ішіне кіріп, неолит дәуірінде өмір сүрген адамдардың тұрмыс-тіршілігінен харбардар бола алады.
Жалпы Жамбыл өңірінің тарихынан сыр шертетін кешенді көрмеге Әулие ата өңірінен 400 жуық үлкенді-кішілі археологиялық, нумизматикалық, этнографиялық және басқа да құнды жәдігерлер әкелінді.
Бірінші күннің шаралары «Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан Астанаға тарту» атты этно-мәдени керуенінің келуінен бастау алды. «Хан Шатыр» кешенінің маңындағы Ғашықтар саябағына ат басын тіреген керуенді 500-ге жуық облыстың өнерпаздары қатысқан театрландырылған көрініспен күтіп алды.
Кешке дейін қала тұрғындарына арналған аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламалары да осында өтеді. Ал, сағат 21.30 ЭКСПО-қалашығындағы амфитеатрда Жамбыл өңірінің жарық жұлдыздарының қатысуымен «Әуені әсем Әулие ата» атты үлкен концерт өтеді.
Бұл әулиеаталықтардың астаналықтарға дайындаған бірінші күнінің тосын сыйларының тек кішкене бөлігі. Сондықтан, барлықтарыңызды ертең бізбен бірге тарихқа саяхат жасауға шақырамыз!

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский