Жамбыл облысы әкімінің 2017 жылғы «10» шілдедегі №267-ө өкімімен Боранбаева Ғалия Бектенқызы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды
Боранбаева Ғалия Бектенқызы 1971 жылы туылған, білімі жоғары, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі», 2009 жылы Тараз мемлкеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті магистрі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы К.Маркс атындағы орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып бастаған.
1998-2001 жылдары Жамбыл атындағы №5 мектептің орыс тілі пәні мұғалімі, 2002-2010 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Тараз университеті» баспасының редакторы, 2010-2013 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлкеттік университетінің «Университет тынысы» газетінің редакторы, 2013-2015 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің медиа қызметінің баспасөз хатшысы, 2015-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
www.zhambyl.gov.kz