• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
10.09.2026, 12:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Гемопоэздік дің жасушалары донорлығын дамыту – өмірді сақтаудың маңызды бағыты

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
09.09.2026, 12:10
Қала жаңалықтары
Гемопоэздік дің жасушалары донорлығын дамыту – өмірді сақтаудың маңызды бағыты
12
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Дүниежүзілік сүйек кемігі донорлар күні бүкіл әлемде қыркүйектің әр үшінші сенбісінде атап өтіледі, 2026 жылы бұл күн 18 қыркүйекте атап өтуіжоспарлануда. 

  • Іс-шара барлық континенттердегі 55-тен астам елде атап өтіледі.
  • Дүниежүзілік сүйек кемігі доноры күні 2014 жылдан бері аталып келеді.

 

Сүйек кемігі — ағзаның ерекше ұлпасы, оның негізгі қызметі гемопоэз – жаңа қан жасушаларын құру. Ересек адамдарда сүйек кемігінде жетілмеген дің жасушаларының ең көп саны болады.Ішкі орта факторларының әсерінен қанның дің жасушалары кез-келген гемопоэз өсіндісіне айналуы мүмкін, яғни иммунитет жасушаларына, эритроциттерге немесе тромбоциттерге айналуы мүмкін.

 

Бүгінгі күні Гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау 70 тен астам түрлі ауруларды емдеудің ықтимал құтқарушысы болуы мүмкін.Жыл сайын орта есеппен Қазақстан Республикасында 1200 пациентке лейкемия және басқа да қан аурулары диагнозы қойылады. Донорды пациенттің жанұясынан табуға болады — және бұл Қазақстандағы трансплантациялардың басым көпшілігін құрайды. Бірақ қалған уақытта сәтті трансплантациялау үшін туыс емес донор қажет.

 

Трансплантация кімге керек? 

  • қан жасушаларының өндірісіне әсер ететін қатерлі ісік (лейкемия және лимфома).
  • ауыр қан аурулары (талассемия, апластикалық анемия немесе орақ жасушалы анемия, Фанкони анемиясы және т.б.).
  • иммун тапшылығы аурулары (ауыр аралас иммун тапшылығы синдромы, туа біткен нейтропения немесе созылмалы гранулематозды ауру және т.б.).

 

Жамбыл облысында қан аурулары бойынша 72 бала диспансерлік есепте тұр, оның ішінде 7 бала – апластикалық анемиямен, 65 бала – лейкозбен ауырады. Лейкозбен ауыратын балалардың 12-сі демеуші терапияда.

 

Тіркелім — трансплантацияға мұқтаж пациенттерге ерікті және өтеусіз негізде көмек көрсетуге дайын гемопоэздік дің жасушалары (ГДЖ) әлеуетті донорлары туралы деректерді қамтитын ақпараттық платформа. Бұл тіркелім 2012 жылы ашылған болатын. Әлеуетті донорлардың жалпы саны — 15 500 адам. 2018 жылдан бастап 23 туыс емес аллогендік трансплантация жүргізілді, оның 18-і қазақстандық пациенттер үшін, 4-і Ресей пациенттер үшін, 1-і Италияның пациенті үшін.

 

Егер бастапқыда туыстық донорлар жоқ болса немесе туыстардың ешқайсысы сәйкес келмесе — тұқымдастыққа қатысы жоқ донорды іздеу басталады. Донор мен реципиенттің HLA-фенотиптері мүмкіндігінше толық сәйкес болуы керек. HLA жүйесі — адамның лейкоцит антигендерінің жүйесі. Туыстық қатынасы жоқ екі адамның генотиптерінің сәйкес келу ықтималдығы 1:10 000-нан 1:1 000 000—ға дейін. Сондықтан сүйек кемігі мен гемопоэтикалық бағаналы жасушаларға лайықты донорды табу ұзақ уақытты талап етеді.

 

Гемопоэздік дің жасушаларын жинау әдістері: Аппараттық цитаферез

  • Донор препаратпен 5 күн бойы ынталандырылады
  • Процедура 4-5 сағатты алады — қан бір қолдағы тамырдан алынып, ол жасушаларды жинайтын аппарат арқылы өтіп, екінші қолдағы тамырға оралады.
  • Сүйек кемігінің жасушаларын қалпына келу уақыты — 2 апта
  • Донор ауруханада 6 күн болады.

 

Сүйек кемігінің әлеуетті доноры кім бола алады? 

  • Кез келген сау адам
  • 18 жастан 45 жасқа дейін
  • салмағы 50 кг-нан жоғары
  • созылмалы және жұқпалы аурулары жоқ

 

Сүйек кемігі донорлығына қарсы көрсетілімдер:

  • Онкологиялық аурулар
  • В және С гепатиттері
  • Стенокардия, миокард инфарктісін бастан өткеру
  • Туберкулез
  • Аутоиммундық аурулар 

 

Сүйек кемігі донорларының Тіркеліміне қалай кіруге болады?

  • Жақын қан орталығына жүгіну;
  • Сауалнаманы толтыру (ақпараттандырылған келісім);
  • Типтеу талдауын жүргізу үшін тамырдан 1 пробирка (6-9 мл) қан тапсыру;
  • Донор сүйек кемігі донорларының тіркелімінің дерекқорында болады, егер донор мен пациент арасындағы фенотиптер сәйкес келсе, тіркелім міндетті түрде донормен байланысады!

 

Бүгінгі таңда Халықаралық сүйек кемігі донорлары ассоциациясына (WMDA) 40 миллионнан астам әлеуетті донор тіркелген, және жыл сайын бұл көрсеткіш шамамен 2 миллион адамға артып отырады.

Жамбыл облыстық қан орталығы соңғы 11 жыл бойы регистрді толықтыруға белсенді қатысып келеді. Жалпы 1201 талдау үлгілері регистрге жіберілді.



Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzдонор
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Ясауи кесенесінің күмбезін шұғыл қорғау қажет: Реставрацияға қанша қаржы бөлінді?

«Ясауи кесенесінің күмбезін шұғыл қорғау қажет: Реставрацияға қанша қаржы бөлінді?

09.09.2026, 15:59
«Әке, олар мені ұмытқан жоқ»: Жамбылда қаза тапқан полицейлердің балалары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

«Әке, олар мені ұмытқан жоқ»: Жамбылда қаза тапқан полицейлердің балалары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

02.09.2026, 13:15
Таразда Қойгелді көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Таразда Қойгелді көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда

25.08.2026, 17:00
Биыл Таразда 115 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын

Биыл Таразда 115 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын

25.08.2026, 16:51

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Хиджабқа рұқсат берген жекеменшік мектеп лицензиясынан айырылуы мүмкін – министр

10.09.2026, 09:00

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32

Арыста мас күйде жүкті әйел мен 2 баласын қағып өлтірген мұғалімге қатысты үкім шықты

09.09.2026, 18:00

«Ясауи кесенесінің күмбезін шұғыл қорғау қажет: Реставрацияға қанша қаржы бөлінді?

09.09.2026, 15:59

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.