• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
25.11.2026, 00:23
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылда директорлар ауысты: 12 білім ұйымына жаңа басшы келді

Жамбыл облысында бірқатар мектеп пен өнер мектебіне жаңа басшылар тағайындалды

turan_admin turan_admin
08.09.2026, 14:55
Аудан жаңалықтары
Жамбылда директорлар ауысты: 12 білім ұйымына жаңа басшы келді
403
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының білім беру ұйымдарында бірқатар кадрлық өзгеріс болды. Қордай, Байзақ және Жуалы аудандарындағы білім беру ұйымдарына жаңа басшылар тағайындалып, бірқатар тәжірибелі директор басқа мектептерге ауыстыру тәртібімен қызметке кірісті.

Қордай ауданында мектеп-лицейге жаңа директор келді

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің 2026 жылғы 8 қыркүйектегі №ЖҚ-1-402 бұйрығына сәйкес №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейдің директоры лауазымына Айнура Кененовна Токбаева тағайындалды.

Айнура Токбаева 1975 жылы Қордай ауданының Қызылсай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, біліктілік санаты – педагог-зерттеуші. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша тәмамдаған. Білім саласындағы еңбек өтілі – 26 жыл.

Еңбек жолында мұғалім, директордың тәрбие ісі, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

Байзақ ауданында тоғыз білім беру ұйымының басшысы тағайындалды

2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Байзақ ауданындағы бірқатар мектеп директорлары жаңа қызметке кірісті.

Рустам Болатович Жылысбаев Сарыбарақ орта мектебінің директоры болып тағайындалды. Бұған дейін Ғ.Байтасов атындағы тірек мектебін (ресурстық орталық) басқарған.

Маржан Кеулимжайқызы Шартықбаева №5 орта мектебінің директоры қызметіне тағайындалды. Бұған дейін С.Абланов атындағы орта мектептің директоры болған.

Ақбота Аденқызы Көпбосынова С.Абланов атындағы орта мектептің директоры болып тағайындалды. Бұған дейін Т.Ақбозов атындағы орта мектепті басқарған.

Ғалымжан Аманкелдіұлы Нурмбетов Т.Ақбозов атындағы орта мектептің директоры қызметіне тағайындалды. Осыған дейін №5 орта мектептің директоры болған.

Қанатбек Әзімбайұлы Бәйтен Ғ.Байтасов атындағы тірек мектебінің (ресурстық орталық) директоры қызметіне кірісті. Бұған дейін Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті басқарған.

Аят Сенбекұлы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры болып тағайындалды. Бұған дейін Көктал орта мектебін басқарған.

Сұлтан Мықтыбекұлы Усербаев Көктал орта мектебінің директоры қызметіне тағайындалды. Осы уақытқа дейін Дихан тірек мектебінің (ресурстық орталық) директоры болған.

Ақмарал Бейсембайқызы Қаржауова Дихан тірек мектебінің (ресурстық орталық) директоры болып тағайындалды. Бұған дейін А.Пушкин атындағы орта мектепті басқарған.

Ал Марс Жанатұлы Абдыкалиев А.Пушкин атындағы орта мектептің директоры болып тағайындалды. Ол бұған дейін №4 мектеп-лицей директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Марс Абдыкалиев Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында мектеп басшыларының кадрлық резервіне енгізілген.

Жуалы ауданында екі білім беру ұйымына басшы тағайындалды

Жуалы ауданында да кадрлық тағайындаулар болды.

2026 жылғы 7 қыркүйекте Жуалы ауданы білім бөлімінің №4 Балалар өнер мектебінің директоры қызметіне Лаура Кушкеновна Манатбаева бес жыл мерзімге тағайындалды.

Осыған байланысты өткен ресми рәсімде жаңа басшы білім беру ұйымының ұжымына таныстырылып, алдағы қызметіне сәттілік тілінді.

Сондай-ақ Бағдат Иманалиевич Исаев Жуалы ауданы білім бөлімінің №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің директоры лауазымына тағайындалды. Ол қызметіне 2026 жылғы 4 қыркүйектен бастап кірісті. Тағайындау мерзімі – бес жыл.

Осылайша, ұсынылған мәліметтерге сәйкес, Қордай, Байзақ және Жуалы аудандарындағы жалпы 12 білім беру ұйымына басшы тағайындалды. Оның ішінде Байзақ ауданында – тоғыз, Жуалы ауданында – екі, Қордай ауданында бір білім беру ұйымында кадрлық тағайындау жүзеге асқан.

Тегтер: білім бөлімі.мектеп директоры
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жаңатас қаласына жаңа әкім тағайындалды

Жаңатас қаласына жаңа әкім тағайындалды

09.11.2026, 12:49
ТАЛАС, САРЫСУ ЖӘНЕ МОЙЫНҚҰМ АУДАНДАРЫНДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА 128 КАНДИДАТ ҰСЫНЫЛДЫ

ТАЛАС, САРЫСУ ЖӘНЕ МОЙЫНҚҰМ АУДАНДАРЫНДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА 128 КАНДИДАТ ҰСЫНЫЛДЫ

01.11.2026, 21:30
ШУ ЖӘНЕ Т. РЫСҚҰЛОВ АУДАНДАРЫНДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА 115 КАНДИДАТ ҰСЫНЫЛДЫ

ШУ ЖӘНЕ Т. РЫСҚҰЛОВ АУДАНДАРЫНДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА 115 КАНДИДАТ ҰСЫНЫЛДЫ

01.11.2026, 19:00
ҚОРДАЙ ЖӘНЕ МЕРКІ АУДАНДАРЫНДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА 127 КАНДИДАТ ҰСЫНЫЛДЫ

ҚОРДАЙ ЖӘНЕ МЕРКІ АУДАНДАРЫНДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА 127 КАНДИДАТ ҰСЫНЫЛДЫ

01.11.2026, 17:00
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

24.11.2026, 22:39

Таразда бүлдіршіндер театр музейімен танысты

24.11.2026, 19:47

Таразда оқушылар «Аман. Сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасын тамашалады

24.11.2026, 19:41

Данияр Альпеисов Луговой ауылының инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды

24.11.2026, 18:00

«Әділет» кандидаттары теміржолшыларға өңірлік даму жоспарларын таныстырып, партияға дауыс беруге шақырды

24.11.2026, 17:47

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.