• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысында жерлерді тиімді пайдалануда 23 заң бұзушылық анықталған

22.06.2017
0
Жамбыл облысында жерлерді тиімді пайдалануда 23 заң бұзушылық анықталған
497
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының мамандары 2017 жылдың есепті мерзімінде 67 тексеру жүргізіп, 23 заң бұзушылық анықтады. Заң бұзушылықтар бойынша 13 ескерту және 10 тұлғаға 3,35 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды. Мұндай тың ақпаратты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімдігінің жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Серікбай Тәпеев мәлімдеді.
Серікбай Мырзалыұлының сөзіне сенсек, айыппұл салынған 5 тұлға 0,96 млн.теңге айыппұлды төлесе,1 тұлғаға салынған 0,23 млн. теңге көлеміндегі айыппұл сот арқылы мәжбүрлеп өндірілсе, осындай өз еркімен төлемей отырған 4 тұлғадан 2,16 млн. теңге айыппұлды мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылуда. Осы заң бұзушылықтардың ішінде 9 тұлғаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136 бабы бойынша яғни, жерді өз бетінше иелену немесе жер пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты, ал 1 заңды тұлғаға жерді бүлдіру фактісі бойынша айыппұл салынды.
Облыс орталығында жер учаскесінің нысаналы мақсатын бұзу фактілері жиі орын алып келеді. Осы заң бұзушылықтың түрі бойынша ескерту алған 13 тұлғаға 3 ай мерзімде заң бұзушылықты жою туралы нұсқама беріліп, заң бұзушылықтың жойылуы тұрақты бақылауға алынған.
Бұдан бөлек ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланушы 4 тұлғаға әкімшілік іс қозғамай жер заңнамасының 92 — 94 баптарына сәйкес жерді игеру қажеттігі туралы 1 жылдық нұсқама берілді, — деді ол.
Жалпы пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін тексеру ағымдағы жылғы 4 а/ш статистикалық есебі және 2016 жылы 1 жылдық мерзімге берілген нұсқамалар негізінде атқару жоспарланып отыр. Қайта тексерілетін ауыл шаруашылық субъектілерінің жалпы саны – 104. Тексерілетін жердің ауданы 16,5 мың гектарды құрайды.
Сонымен қатар 2016 жылы жерлерін пайдаланбаған жер иелері мен жер пайдаланушылардың тізімін 10 еселенген жер салығын өндіру үшін мемлекеттік кірістер департаментіне жолданып, аталған мекеме тарапынан шара қолданылды.
Жерді ұтымды пайдалану мәселесінде, бірінші кезекте жылдар бойы айналымнан шығып қалған егістік жерлерді пайдалану мәселесі өз шешімін таппай келе жатқандығын атап өту керек. Мұндай жерлер Мойынқұм, Талас, Сарысу аудандарының бұрынғы суармалы егістіктерінде үлкен көлемде орын алып отыр. Басты себеп, алқаптардың ағын сумен қамтамасыз ету мүмкіндігінен айрылғандығы, жердің сортаңдануы және тұздануы.
Яғни, алқаптарды күтіп баптап ұстау мәселесінің туындауынан, шөлейт аймақтарда орналасқан аудандар суармалы егістіктерінің бірқатар бөлігін іс жүзінде жоғалтқан. Сондықтан ең бірінші кезекте алқаптарды ағын сумен, оның ішінде су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет. Қаржылық жағынан аудан бюджеттері көтермейтіндіктен, облыс және республикалық бюджеттерден қаржы бөлуге бағытталған шаралар жүргізу кезек күттірмейтін мәселе. Айналымнан шыққан егістік жерлерді қайта қалпына келтіру мәселесіне ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мекемелері тығыз байланыста атсалысуы абзал. Себебі, мұндай жерлерді қалпына келтіріп игеруге үлкен көлемде инвестиция тартпай жерді ұтымды пайдалану мәселесін шешу мүмкін емес, — деп баяндамасын түйіндеді басқарма басшысы.

Тегтер: Жамбыл облысы 2017жерзаң бұзушылықТараз

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты