• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 15:37
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ұялы телефон ұрлағаны үшін 4 жылға сотталды

turan_admin turan_admin
15.06.2017, 00:00
Абырой, Облыс жаңалықтары
Профилактика краж чужого имущества
296
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тараз қаласы №2 сотында ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен айыпталған І.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы І., 13.03.2017 жылы сағат 12:00 шамасында Тараз қаласы Жамбыл даңғылы бойында орналасқан Жамбыл облыстық медициналық колледжінің алдына, өзінің қылмыстық сыбайласы сотқа берілмеген тұлғамен бөтеннің мүлкін күш қолданып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен ашық түрде жымқырып пайда табуды мақсат етіп келген. Ол жақтан І.-мен сотқа берілмеген тұлға екеуі өздерінің ортақ таныстары, тергеумен толық аты-жөндері анықталмаған «А.» және «С.» есімді жігіттерді жолықтырған. Сол кезде олардың қасынан өздеріне таныс емес үш жігіт, яғни Б., Т. және А. өткен. Содан І. сотқа берілмеген тұлғамен алдын ала құрған қылмыстық жоспарға сай соңғылардың мүлкін, ашық түрде жымқыру қылмыстық ойын жүзеге асыру үшін І. соңғыларға ысқырып тоқтатып алып, қайдан болатындарын сұрап, сылтау етіп әңгімеге айналдырып, оларды Жамбыл даңғылының Котовский көшесімен қиылысына ертіп барған. І. және А. оңаша 5 минут сөйлесіп тұрып кейін қылмыстық сыбайласы сотқа берілмеген тұлғаның қасына келген кезде, соңғысы алдын ала сөз байласқандай Б.-дан ашық түрде ұялы телефонын жымқыра алмағандықтан І.-ге ашулы күйде тұрып Б.-ны қолымен нұсқап көрсетіп «мынамен оңаша барып сөйлесіп қайтшы» деген. Өз кезегінде І. Б.-ны оңаша сөйлесуге шақырып, Котовский көшесінің бойымен ары қарай алып кеткен. Сол арада оқиға орнында І. өзінің физикалық тұрғыдағы басымдылығын түсініп, Б.-дан ұялы телефонын талап еткен және егер де соңғысы ұялы телефонын бермеген жағдайда оның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, пышақтап кететінін айтып қорқытып, соңғының көкірек тұсынан жұдырықталған қолымен бір рет соққы жасаған. Содан өзінен соңғысы қорқып тұрғанын көріп, соны пайдалана отырып Б.-дан ұялы телефонын қайта талап еткен. Б. оның талабын орындаудан үзілді-кесілді бас тартқанына І. ашуланып өзін ұрып-соғатынын айтып, сөзбен пышақ сұғып аламын деп қорқытқан. Сөйтіп тұрғандарында қылмыстық сыбайласы сотқа берілмеген тұлға олардың жанына жүгіріп келіп, ана жақта полиция қызметкерлері жүр деп хабар берген. Сол кезде І. Б.-ны одан ары адамдар жүрмейтін жаққа қарай алып кеткен. Сол сәтте Б. өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғанын түсініп, күртешесінің қалтасынан құны 1000 теңге болатын көк түсті қабы бар, ішінде құны 1500 теңге болатын 8 … … .. .. нөмірімен, құны 75 000 теңге болатын «Samsung Galaxy S5 mini» маркалы ұялы телефонын шығарып І.-ның қолына берген. Соңғысында қандай да болсын басқа мүліктің жоқтығына көзі жеткен І. жоспарға сәйкес, адамдар тобымен күш қолданып ашық түрде жымқырған ұялы телефонын алып, қылмыстық сыбайласы сотқа берілмеген тұлғамен бірге оқиға орнынан бой тасалаған.
Сөйтіп І. және сотқа берілмеген тұлға өздерінің қылмыстық іс әрекеттерімен жәбірленушіге жалпы құны 77500 теңгеге материалдық залал келтірген.
Тараз қаласы №2 сотының 18.05.2017 жылғы үкімімен І. 191-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.
Үкім заңды күшіне 05.06.2017 жылы енген.

Автор: Тараз қаласы №2 сотының судьясы А.Ш.Қорабаева

Тегтер: двдсоткаұрлау
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.