• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 15:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Әр жұмысқа бақылау бар

turan_admin turan_admin
09.06.2017, 00:37
Облыс жаңалықтары
Әр жұмысқа бақылау бар
201
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Әр жұмысқа бақылау бар
«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық және Тараз қалалық филиалдарының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері облыс орталығында «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарымен танысты.
Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты, Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова бастаған топ әуелі «Салтанат» мөлек ауданындағы 1000 орындық мектеп құрылысына аялдады. Тараз қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің тапсырысы шеңберінде бой көтеріп жатқан білім ордасының құрылысын «Арайстроймаркет» ЖШС-і жүргізуде. Құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған мектеп биылғы жаңа оқу жылында оқушыларына есігін айқара ашуға толық мүмкіндігі бар. Өйткені, бүгінгі күні ондағы жоспарланған жұмыстың 90 пайызы тәмам болған. Құны 1305,9 млн. теңгені құрайтын нысанда 65 жұмысшы еңбек етуде. Орташа жалақысы 85 мың теңгені құрайтын жұмысшылар қазір нысан ішіне тазалау жұмыстары мен мектеп ауласын абаттандыруды қолға алыпты.
Мектепке табан тіреген топ жұмысын ғимарат сыртына пайдаланылған материалдармен танысумен бастады. Жалпы құрылыс барысымен таныстырған серіктестіктің участок басшысы Әділхан Еділбаев жобада нысан сыртын жылытқыш қаптама арқылы сылау көрсетілгенімен металло сайдинг жүргізгендіктерін жеткізді. Себебі, бұл өртке қауіпсіз әрі жылы екен. Сондай-ақ комиссия мүшелері мектептің сынып бөлмелері, асхана сырт киім ілетін орын мен мәжіліс, спорт залдарында болды. Онда олар орналасқан жиһаздар мен ішкі әрлеу жұмыстарына көңілдері толатындықтарын жеткізді. Дегенмен партиялықтар бірқатар істі жетілдіру қажеттігін алға тартты. Мәселен, ғимарат ішіндегі желдеткіш құралдарының сыртын қаптау керек екендігін айтып, мектеп көркін бұзып тұрғандығын жеткізді. Сонымен қатар ішкі баспалдақ жақтауларының тым аласа екендігін сынға алып, бала қауіпсіздігі ойластырылмағандығын аңғарды. Сондықтан құрылысқа жауапты мамандарға оны биіктетуді талап етті.
– Мұнда келгендегі басты мақсатымыз – нысан құрылысының уақытында пайдалануға берілуі мен сапасын бақылау. Салынып жатқан мектеп болғандықтан одан талап етілетін дүниелер көп. Мәселен, бұл жерде біздің болашағымыз білім нәрімен сусындайды. Бұл жерде 1500 бала білім алады екен. Олардың қауіпсіздігі бізді толғандырмай қоймайды. Дейтұрғанмен, заман талабына сай зәулім мектеп ғимараты бой көтеріп жатқанына қуаныштымыз, – дейді комиссия төрайымы Дария Пернешқызы.

TURANINFO.KZ

Тегтер: жас отаннұр отан
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.