• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Мойынқұм ауданында қоғамдық қабылдау өтті

Мойынқұм ауданында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы «Өз құқығыңды біл» республикалық акциясы шеңберінде азаматтарды қоғамдық қабылдау өтті.

10.07.2026
0
Мойынқұм ауданында қоғамдық қабылдау өтті
12
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

2026 жылғы 9 шілдеде Мойынқұм ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған «Өз құқығыңды біл» республикалық акциясы шеңберінде азаматтарды қоғамдық қабылдау өткізілді.

Іс-шара Мойынқұм ауылындағы Қайрат Рысқұлбеков көшесінде орналасқан аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының алдында ұйымдастырылды. Бұл орын ауданға қарасты ауылдардың тұрғындары жиі келетін, халық көп шоғырланатын нысан болғандықтан арнайы таңдалды. Қабылдаудың мақсаты – тұрғындарға құқықтық кеңес беріп, мемлекеттік органдар өкілдерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік жасау.

Қоғамдық қабылдауға аудандық прокуратура, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, Мойынқұм ауылдық округі әкімдігі, аудандық полиция бөлімі, аудандық орталық аурухана, аудандық білім бөлімі, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық Мансап орталығы және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері қатысты.

Акция барысында 70-ке жуық аудан тұрғыны өздерін толғандырған мәселелер бойынша жауапты сала мамандарынан кеңес алды. Азаматтар негізінен жұмыспен қамту, ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй, әлеуметтік қолдау, білім беру, денсаулық сақтау, салық саласы және қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін көтерді.

Мемлекеттік органдардың мамандары тұрғындардың әрбір өтінішін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, бірқатар мәселелер бойынша нақты шешу жолдары ұсынылып, қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер бақылауға алынды.

Мұндай қоғамдық қабылдаулар азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты нығайтып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және тұрғындардың өзекті мәселелерін жедел шешуге ықпал етеді.

Айта кету керек, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы «Өз құқығыңды біл» республикалық акциясының негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын кеңінен түсіндіру, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және әрбір азаматтың өз құқықтарын тиімді қорғауына жағдай жасау.

Материал «Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ тапсырысы бойынша әзірленді.

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты