Мәселен, Қордай ауданы Қалғұты ауылындағы мекенжайлардың бірінде Өзбекстан Республикасының 12 азаматы тіркелген, бірақ олар іс жүзінде Алматы қаласында тұрып, еңбек қызметімен айналысқан. Осындай бұзушылықтар Сортөбе ауылында да анықталды: мұнда Қырғыз Республикасының тоғыз азаматы жалған тіркеуге тұрғызылған, алайда олар басқа өңірлерде тұрып, жұмыс істеген.
Бұндай схемалар көші-қон есебін бұрмалайды, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіреді және өзге де құқық бұзушылықтарды жасыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жалжал тіркеулердің күші жойылып, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар, прокуратураның үйлестіруімен шетелдік азаматтардың еңбегін бірнеше рет заңсыз пайдаланғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту тәжірибесі енгізілді. Атап айтқанда, бұған дейін шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін екі рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған дәмханалардың бірінің иесі 2025 жылдың желтоқсаны мен 2026 жылдың қаңтарында осындай құқық бұзушылықты тағы да қайталаған — шетелдік азаматтарды рұқсат құжаттарынсыз және еңбек қатынастарын рәсімдеусіз жұмысқа қабылдаған.
Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 395-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жолданып, кінәлі тұлғаға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Көші-қон заңнамасын жүйелі түрде бұзатын тұлғаларға қатысты қылмыстық-құқықтық шараларды қолдану заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылдың тиімді құралы болып табылады.
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды







