Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сайлаубаева Гүлзат Ахметқызы 1980 жылы 22 қаңтарда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. 2002 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Инженер-экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде экономист болып бастаған.
2007–2010 жылдары «Темірбанк» АҚ-да бухгалтер қызметін атқарды.
2011–2012 жылдары Жамбыл облыстық филармониясында есепші болды.
2012 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы» КМҚК-де кадр инспекторы қызметін атқарып келді.







