• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
26.11.2026, 04:20
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда хирургтардың ірі съезі өтті: заманауи медицина мен тәжірибе тоғысты

Тараз қаласындағы облыстық көпбейінді аурухана базасында өңір хирургтарының ауқымды съезі ұйымдастырылды. Бұл маңызды жиын әртүрлі бағытта еңбек ететін білікті мамандардың басын қосып, тәжірибе алмасуға және кәсіби пікірталас жүргізуге кең мүмкіндік берді

Turan Redaktor Turan Redaktor
24.04.2026, 11:42
Облыс жаңалықтары
Таразда хирургтардың ірі съезі өтті: заманауи медицина мен тәжірибе тоғысты
14
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Съезге тамыр хирургтары, травматологтар, урологтар, проктологтар, балалар хирургтары, сондай-ақ аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдарда қызмет ететін тәжірибелі дәрігерлер қатысты. Кездесу барысында қазіргі хирургия саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, озық тәсілдер мен тиімді практикалар ортаға салынды.

Бағдарлама мазмұн жағынан бай әрі тәжірибеге бағытталған сипатымен ерекшеленді. Қатысушылар клиникалық тұрғыдан маңызды тақырыптарды кеңінен қамтып, жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы несеп-тас ауруын емдеудің заманауи әдістерін талқылады. Сонымен қатар жарақаттар кезінде аз инвазивті хирургияны дамыту мәселесі де назардан тыс қалмады.

Әлеуметтік маңызы жоғары дерттердің бірі – бауыр эхинококкозына ерекше көңіл бөлінді. Мамандар бұл ауруды ерте анықтау жолдары мен хирургиялық емдеудің тиімді тәсілдерін саралап, нақты тәжірибелік ұсыныстарын ұсынды. Тамыр хирургиясына қатысты күрделі мәселелер де қызу пікірталас тудырды. Әсіресе кеуде және құрсақ аортасының аневризмасын анықтау мен емдеудің жаңа әдістері кеңінен сөз болды. Бұл бағытта жоғары технологиялар мен мультидисциплинарлық тәсілдің маңызы ерекше екені атап өтілді.

Бұдан бөлек, шажырқай тамырлары тромбозының диагностикасы мен емі, сондай-ақ парапроктит және оның асқынуларын басқару мәселелері де талқыланды.

Жиын қорытындысында облыстың штаттан тыс бас хирургы Нұрлан Жайымбаев сөз сөйлеп, хирургиялық қызметтің қазіргі жағдайына кешенді баға берді. Ол саланы жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындап, заманауи технологияларды енгізу және мамандандырылған медициналық көмектің сапасын арттыру қажеттігін атап өтті.

Съезд жұмысын медицина ғылымдарының докторы, профессор, облыстың Құрметті азаматы Сағындық Ордабеков пен бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары Асқар Садықов үйлестірді. Олардың кәсіби ұйымдастыруының арқасында іс-шара жоғары ғылыми деңгейде өтіп, мазмұнды пікір алмасуға жол ашты.

Жалпы, мұндай кәсіби алаңдар медицина саласының дамуына тың серпін беріп, жаңа технологияларды енгізуге, дәрігерлер арасындағы байланысты нығайтуға және ең бастысы – көрсетілетін хирургиялық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әділет» партиясының кандидаттары «Жамбыл Су» ұжымымен су шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады

25.11.2026, 19:05

Адилет Молдабеков Талас ауданын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды

25.11.2026, 01:27

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

24.11.2026, 22:39

Таразда бүлдіршіндер театр музейімен танысты

24.11.2026, 19:47

Таразда оқушылар «Аман. Сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасын тамашалады

24.11.2026, 19:41

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.