• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ — ҰЛТ РУХЫНЫҢ ҰЛЫ ДӘСТҮРІ

Т. Рысқұлов ауданы аумағында қазақтың дәстүрлі «Қымызмұрындық — 2026» мерекесі кең көлемде аталып өтті.

turan_admin turan_admin
20.04.2026, 18:53
Бейнеблог, Облыс жаңалықтары
ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ — ҰЛТ РУХЫНЫҢ ҰЛЫ ДӘСТҮРІ
226
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Іс-шара Жарлысу жеріндегі «Тау қымыз» демалыс аймағында ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Мерекеге аудан әкімі Ернар Есіркепов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Шара барысында дәстүрлі рәсімдер көрсетіліп, аналар күбі пісіп, қонақтарға қымыз бен ұлттық тағамдар ұсынылды. Қымызмұрындықтың мазмұны бие сауу рәсімі мен театрландырылған көріністер арқылы көрініс тапты.

Іс-шара аясында қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, ағаш, темір, теріден жасалған бұйымдар, зергерлік әшекейлер көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар жергілікті суретшілер мен оқушылардың туындылары, музей жәдігерлері көрермен қызығушылығын арттырды.

Жергілікті өнімдер жәрмеңкесінде «Гәкку құс», «Аллан», «Ақтоған» макарон өнімдері, аяқ-киім өндірісі және агросала жетістіктері таныстырылды. Заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен дрондардың жұмысы да көрсетілді.

Мереке аясында қазақ күресі, қол күресі, қошқар көтеру, қой қырқу сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Қошқар көтеру сайысында қатысушы Азамат 141 рет көтеріп, ерекше нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ асыл тұқымды қой көрмесі ұйымдастырылып, еліміздің әр өңірінен келген шаруалар өз жетістіктерін ұсынды. Үздіктер арнайы марапаттарға ие болды.

Іс-шара тек мәдени мереке ғана емес, өңірдің туристік әлеуетін таныстыру алаңына айналды. Аудан әкімі туристік агенттіктермен кездесіп, ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Сарапшылардың пікірінше, өңір экотуризм мен этнотуризмді дамытуға үлкен мүмкіндікке ие.

Жалпы, Т. Рысқұлов ауданы табиғи және тарихи-мәдени ресурстары арқылы туризмді дамытуға қолайлы аймақтардың бірі ретінде бағаланып отыр.

Тегтер: ҚұланқымызмұрындықТұрар Рысқұлов ауданы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.