• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатында жартылай финалға өтті

2026 жылғы Азия чемпионатында ел құрамасынан бүгін, 4 сәуірде ел құрамасынан Ертуған Зейнуллинов (65 келі) шаршы алаңға шықты.

04.04.2026
0
Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатында жартылай финалға өтті
621
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

World Boxing аясында Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада отандасымыз қырғызстандық Мирзохид Имамназаровпен шеберлік байқасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі. 

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшының басымдығы байқалды. Алғашқы екі раунд Ертуғанның басымдығымен аяқталды.

Отандасымыз соққы алмасу барысында дәлдік танытып, әр раундта басымдығын танытып отырды. Қорытынды есеп — 3:2.

Енді Ертуған жартылай финалда Таиланд спортшысы Бунжонг Синсиримен айқасады.

Ертуған бұдан бұрын 1/8 финалда Тайпей өкілі Ю Линді қапы қалдырды.

Айта кетсек, бүгін Санжар Тәшкенбай (50 келі) ширек финалда үндістандық Вишванаш Сурешке есе жіберіп, құрлықтық додада жүлдесіз қалды.

Ал бүгін Оразбек Асылқұлов (60 келі) Азия чемпионатында жапониялық Шунсуке Китамотомен кездесуі керек еді. Алайда қарсылас жарақатына байланыста шаршы алаңға шықпайтыны белгілі болды. Осылайша Оразбек жартылай финалға өтті.

Енді кешкі сессияда төртінші жұпта Валентина Хальзова (75 келі) Оңтүстік Корея өкілі Суйеон Сеонг, тоғызыншы жұпта Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) өзбекстандық Арман Махановпен кездеседі.

Азия чемпионатында ерлер құрамасы сапында Санжардан өзге Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бақ сынап жатыр.

Сондай-ақ Лаура Есенкелді (65 келі) үндістандық Анкушита Бороға есе жіберіп, жарыс жолын ширек финалда аяқтауға мәжбүр болды.

Оған дейін әйелдер құрамасынан Жазира Орақбаева (51 келі, Элина Базарова (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

Елдос Сайдалин жетекшілігімен құрлықтық додаға елімізден әәйелдер құрамасында Лаура, Римма, Жазира мен Элинадан өзге Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Надежда Рябец (80 келі) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.

Құрлықтық дода 10 сәуірге дейін созылады.

 

Тегтер: Азия чемпионатыбоксжартылай финалспорт

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты