• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары СПОРТ

Темірлан Арзымбетовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өз мәресіне жетті

2012-2013 жылы туған футболшылар арасында дәстүрлі түрде сегізінші рет ұйымдастырылған жарыс биыл да жас таланттардың басын қосты.

26.03.2026
0
Темірлан Арзымбетовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өз мәресіне жетті
160
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Турнирге Ақтөбе, Түркістан, Петропавл және Тараз қалаларынан барлығы 8 команда қатысып, бес күн бойы өзара мықтыны анықтады. Дода жас спортшылар үшін тек бәсеке алаңы ғана емес, тәжірибе алмасып, достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берген маңызды шара болды.

Темірлан Арзымбетов – футболдағы шеберлігімен қатар, өмірдегі белсенділігімен де ерекшеленген тұлға. Ол банк саласында кәсіби біліктілігімен танылып, еңбекқорлығы мен жауапкершілігінің арқасында табысқа жеткен. Сонымен бірге, спортты серік етіп, футболдың дамуына үлес қосты. Жамбыл облысындағы «Тұран Әлем» банкінің құрамында ойнап, республикалық банктер арасындағы жарыстарда үш жыл қатарынан чемпион атанған. Сондай-ақ, облыстық ҰҚК, «Қазфосфат», «Дантист» және «Тұран Әлем» командаларында өнер көрсеткен. Ол әсіресе жасөспірімдерді тәрбиелеуге ерекше мән беріп, Аса мөлтек ауданындағы балаларды футболға баулып, спортқа деген қызығушылығын арттырды. Бүгінде оның еңбегі осындай турнирлер арқылы жалғасын табуда.

Жарыс қорытындысы бойынша финалда Түркістан облысы Түлкібас ауданынан келген команданы 1:0 есебімен жеңген Ақтөбе облысының командасы чемпион атанды. Түлкібастықтар екінші орынды иеленсе, Тараз қаласының «Ұлан-2012» командасы үшінші орынға тұрақтады.

Сонымен қатар, турнир барысында ерекше көзге түскен ойыншылар «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік қақпашы» номинациялары бойынша марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Тегтер: Жасөспірімдерреспубликалық турнирфутбол алаңшасы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты