• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 15:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жүйе ашықтыққа негізделген

turan_admin turan_admin
27.04.2017, 17:59
Облыс жаңалықтары
Жүйе ашықтыққа негізделген
306
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облыстық прокуратурасында Тараз қаласының жер ақпараттық жүйесінің тұсаукесері өтті.
Бюрократия мен сыбайлас жемқорлықтың өршіп, кең етек алуына негізгі себептің бірі – жер телімдерін алу мен мемлекет меншігіндегі учаскелердің жекенің қолына өтіп кетуі. Кәсібін өрге дөңгелеткісі келетін бизнес саласының өкілдері бұл мақсатта шенеуніктердің есіктерін қағып, арыз-шағымдарын жазып, жер үшін соттасуға мәжбүр де болып жүр. Әрі Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев еліміздің экономикасының негізгі қозғаушы күші болып табылатын кәсіпкерлеріміздің алдындағы түрлі кедергілерді жою жолдарын үнемі назарда ұстап келеді. Осы жағдайды ескерген облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов өзінің ұсынысы негізінде Тараз қаласында жер телімдерінің ақпараттық жүйесін жетілдіріп, іске қосуды тапсырған-ды. Бұл жүйе өткен аптада іске қосылды. Енді қала тұрғындары мен кәсіпкерлер шаһарда мемлекет тарапынан сауда-саттық аукциондарына қойылған жер телімдері туралы қандай да болсын ақпаратты www.zis-taraz.kz сайты арқылы біле алады.
Облыс орталығының жер ақпараттық жүйесінің тұсаукесер жиынына облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке, облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов, прокурордың орынбасары Айдос Майлыбаев, қала әкімі Рүстем Дәулет, қала прокуроры Бекзат Сейілханов, облыстық мәслихат депутаты Мейрамбек Төлепберген, облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы Қарлығаш Аралбекова мен кәсіпкерлер қатысты. Жиында Ернат Сыбанқұлов Тараз қаласы прокуратурасымен екі мыңнан аса кәсіпкерлердің арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша олардың 40 пайызы мемлекет тарапынан сауда-саттық аукциондарына қойылған жер телімдері туралы ақпаратты білмейтіндері анықталғанын жеткізді. Сондықтан осындай жүйені қолданысқа енгізгендерін, ал оның мақсаты коммерциялық мақсаттарға бағытталған жер телімдерінің сауда-саттық аукциондарында жүзеге асырудың ашықтығын қамтамасыз ету екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ облыс прокуроры Тараз қаласының кәсіпкерлеріне сайтты қолдану өте оңай және ол үш бөліктен тұратындығын атап өтті.
– Бірінші бөлік – «Жер телімдері», қаланың картасында мемлекеттің жер телімдерін өткізуі туралы толық ақпаратты көрсетеді. Екінші бөлік – «Өтініштерді тексеру», бұл бөлік онлайн режимінде жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу жолымен уәкілетті мемлекеттік органымен өтінішті қарастыру барысын бақылауға мүмкіндік береді. Үшінші бөлік – осы сұрақтарды реттейтін заңнаманың нормаларымен танысу мүмкіндігі. Бұл жүйе кәсіпкерлерге ғана емес, жер телімін сатып алатын кез келген азаматқа да тиімді. Әрқайсысы жергілікті атқарушы органда өз өтінішінің қарастыру барысын бақылап, мәлімет алуға мүмкіндігі болады, – дейді Ернат Мұхаметқалиұлы.
Неғұрлым мемлекеттік қызмет көрсетудің процестері ашық болса, соғұрлым сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қойылатыны белгілі. Бұл ретте осы жүйе арқылы азаматтардың да шағымдары азаймақ. Облыс прокурорының талабы да осы.
Шарада сөз тізгіндеген қала прокуроры Бекзат Сейілханов шаһарда жер телімдері әлеуметтік және экономикалық салалар бойынша пайдаланылатынын алға тартып, оның сыбайлас жемқорлықтың көзі екенін де атап өтті. Оның сөзінше, осы мәселе бойынша өңірде соңғы 5 жылда 5 іс тіркеліпті. Сондай-ақ ол келтірілген цифрдың бұдан да көп екендігін де жоққа шығармады. Аталған жүйе екі тілде жұмыс жасайтындығынан хабардар етіп, онда екі «Жер телімдері» және «Өтініштерді тексеру» атты бөлімдер бар екендігін мәлім етті. Сайтта жер телімдерінің орналасқан аумағы, географиялық орны суреттерімен берілген. Бұдан өзге, жер телімдеріне қатысты ҚР Заңдары да орналастырылған. Әр азамат өзінің өтініштерінің орындалу барысын тек өзі ғана көре алады.
Жиында облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы Қарлығаш Аралбекова мұндай электронды жүйе кәсіпкерлер үшін өте тиімді екенін айтып, өзі басқаратын мекемеге кәсіпкерлерден 217 өтініш келіп түскенін атап өтті. Оның 124-і жер мәселесіне қатысты екен.
Шараны қорытындылаған облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов бұл жүйені облыстың барлық аймақтарында енгізу жоспарда екенін және алдағы уақытта тұрғындарға тұрғын үй құрылысына бөлінетін жер телімдерін қадағалау, кезек бойынша ашықтық мәселесін жетілдіру мақсаты тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ қала әкімі Рүстем Дәулетке аталған жүйені жетілдіру жолында бірге жұмыс жасай беретіні туралы сенімін білдірді.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Тегтер: . жер мәселесіЖамбыл облысыжерпрокуратурасайт
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.