• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Гвардейск гарнизонында әскери қызметші жарақаттанды — Құрлық әскерлері түсініктіме жасады

Kozachkov telegram арнасында Гвардейск гарнизондағы әскери бөлімде болған оқиға туралы жарияланған ақпаратқа қатысты ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі төмендегіні хабарлайды.

09.01.2026
0
Гвардейск гарнизонында әскери қызметші жарақаттанды — Құрлық әскерлері түсініктіме жасады
51
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

2026 жылғы 6 қаңтарда Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қатардағы Т.-ның қатысуымен оқиға болған.

Таңғы тексеру кезінде казарма алдында әскери қызметші сол қолының саусақтарын металл затпен жарақаттап алған. Зардап шеккен әскери қызметші дереу әскери госпитальға жеткізіліп, оған уақытында медициналық көмек көрсетілді. Қазір оның жағдайы тұрақты, өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ, дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Зардап шеккеннің айтуынша, бұл әрекет жеке басындағы себептерге байланысты жасалған және әскери борышты өткерумен, сондай-ақ әскери бөлім командирлерінің немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерімен байланысы жоқ. Телеграм каналында айтылғандай, тікелей басшының ескертуінен кейін жарақат болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін ескертеміз.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Гвардейск бөлімі оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу шараларын жүргізуде. ҚР Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша оқиға орнына оның тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары бастаған арнайы комиссия жіберілді. Жағдай Құрлық әскерлері қолбасшылығының қатаң бақылауында.

ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі БАҚ және әлеуметтік желі қолданушыларын ресми тергеу аяқталғанға дейін болжамды немесе жалған мәліметтерді таратудан, сондай-ақ асығыс қорытынды жасаудан бас тартуға шақырады.

Жалған ақпарат таратқан үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.

ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі

Тегтер: әскери қызметкержарақатҚұрлық әскерлероқиға

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты