• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.11.2026, 22:21
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Нақты жұмыстар іске асырылады

turan_admin turan_admin
21.04.2017, 14:40
Облыс жаңалықтары
Нақты жұмыстар іске асырылады
217
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы партия активі жиналысында Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 12 сәуірінде «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды.
Басқосуға партия Жамбыл облыстық филиалы төрағасы Кәрім Көкірекбаев, Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет, партияның облыстық филиалы Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының, партияның облыстық және Тараз қалалық мәслихаттарындағы депутаттық фракциялардың, партия облыстық филиалы Бақылау-тексеру және Партиялық бақылау комиссиялары мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағалары мен мүшелері, БПҰ төрағалары мен партия ардагерлері қатысты. Жиынды «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасы Кәрім Көкрекбаев ашып, жүргізіп отырды. Аймақ басшысы өз сөзінде Елбасының тарихи мақаласы жарық көрген күннен бастап республика халқы тарапынан қызу қолдауға ие болып отырғанын және «Нұр Отан» партиясының Тараз қалалық және аудандық филиалдарының партия активтері жиналыстарында кеңінен талқыланғанын атап өтті. Сондай-ақ философиялық және ғылыми ойларға толы осы мақала арқылы Ұлт көшбасшысы қалың қоғамға саналы ой тастап, әрбір отандастарымызға өз дүниетанымын өзгертудің нақты жолдарын ұсынғанын тілге тиек етті. Осындай игілікті істердің басы-қасында Елбасының сенімді серігі – «Нұр Отан» партиясының да жүргенін айтқан Кәрім Нәсбекұлы Елбасы идеясынан туындаған «Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасы да – ұлттық құндылықтарды жастар бойына сіңіруге арналған партияның ұзақ мерзімді бағдарламалық құжаты екендігін ерекше айтып өтті. Сонымен қатар ол Елбасы өз еңбегінде қазіргі заманда аса қажет алты басымдықты айқындап, бір бірімен етене жақын тұстардың ой-жүйесін жалғастыра түскенін жеткізді.

– Елбасының бұл өрнекті ойларынан жастарымыздың ұлттық дәстүрлеріміз бен рухани құндылықтарымызға кері қарамай, оған деген адалдық көрсету қажеттігін терең сезінулері тиіс. Өйткені, халқымыздың рухани құндылықтары – бізге Ұлы Даланың тұтастығын сақтау мақсатында, ат үстінен түспеген ұлы бабалардан жеткен бағасы жоқ байлық. Бұл тұрғыда Н.Ә.Назарбаев азаматтық қоғам өкілдеріне, оның ішінде жастарымызға өткен тарихымызды мұқият жадында сақтауға және оның болашағына ерекше көңілмен қарауға үндеп отырған пікірін анық көруге болады. Себебі, ұлтымыздың «тар жол, тайғақ кешу» тарихын білмей, оны құрметтемей, оған тағызым етпей алға қарай жүру мүмкін емес. Жалпы, Н.Ә.Назарбаевтың бүгінгі таңда жалпыхалықтық қолдауға ие болып отырған тарихи мақаласын бұқаралық сананы қалыптастыру арқылы «Қазақстан-2050» стратегиясын және «Мәңгілік Ел» идеясын алға апаруға бағытталған бағдарламалық құжат деп атауға болады. Ал бұқаралық сананы қалыптасырудың өзегі – егемен еліміздің өсіп-өркендеуінің және гүлденуінің алғы шарттары екені айқын. Осындай қасиетті ұғымның ел мәдениетінің әлемдік кеңістікке шығып, өркен жаюына, ал, білім мен ғылымның технологиялық өрісін ашуына мол септігін тигізері сөзсіз, – деген Кәрім Нәсбекұлы аталған мақалада егемен елімізде қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі қағи¬да¬ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, заман сынағына лайықты төтеп беруге қажетті, нақты жобаларды жүзеге асыру мақсаты айтылғанын мәлім етті. Сонымен қоса партия облыстық филиалының төрағасы Кәрім Көкрекбаев мақаладағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» пен «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобалары мен «Туған жер» және «Мәдени-географиялық белдеулер» атты бағдарламаларға кеңінен тоқталды.

Бұдан соң мінберге шыққан «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы Рүстем Бегалиев мазмұны терең мақала Ұлы Даласын ұлықтаған, «Мәңгілік Ел» болуды аңсаған, Атамекенін құт санайтын әр қандастарымыз үшін стратегиялық маңыздағы бағдарламалық құжат болып ерекшеленетіндігін атап өтті. Елбасының тарихи бұл еңбегі отандық және халықаралық сарапшылардың оң бағасына ие болып отырғанын айтқан ол қоғамдық дамудың алғы шарты – жалпыұлттық санамен, бұқаралық рухани дүниемен тығыз байланысты екендігін жеткізді. Партия Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметова мақала еліміздегі 25 жылда атқарылған экономикалық және қоғамдық-саяси жүйесін қайта жаңғыртудан кейінгі ұлан-ғайыр істерді қолға алуға бағытталған рухани жаңғырудың Елбасы идеясына толы пісіп-жетілген бағдарламалық құжатына айналып отырғандығынан хабардар етті. Партия Тараз қалалық филиалының «Ұлан» бастауыш партия ұйымының төрайымы Эльмира Әбдинова Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында еліміздің ұлттық рухани өміріндегі басты бағыттарға тың серпін беріп отырғанына тоқталып, құжатта негізінен ұлттық құндылықтарымызға, елдік мақсат пен мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары жайлы баяндалғанын назарға алды. Ал «Нұр Отан» партиясының Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мүшесі, «Жамбыл облысы еркітілер қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің президенті Серікбол Берікқожа Ұлт көшбасшысының тарихи еңбегінің басым бағыты – ел жастарына арналғанын айтып, Елбасы әрқашан ел жастарының нағыз қамқоршысы, қолдаушысы биігінен көрініп келе жатқанын тілге тиек етті.

– Елбасы мақаласын оқи отырып, «Туған жер», «100 жаңа оқулық», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» сынды бірнеше жасампаз жобаның жүрегіме жылы тигені ақиқат. Бұл бізге, жастарға арналған жобалар екені даусыз. Оның ішінде бір ғана «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын алайықшы. Мысалы, біздің қасетті Әулиеата өңірінен шыққан қанша ма еңбек саңлақтары бар. Ендігі міндет осы тұлғалы ағаларымыздың еңбек жолын жастар арасында кеңінен насихаттау. Бұл арада жастар қоғамдық бірлестіктеріне «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе отырып табанды жұмыстар атқаруға тура келіп отыр, – дейді жас депутат Серікбол Қайратұлы.

Басқосуды қорытындылаған партия төрағасы Кәрім Көкрекбаев Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жұртшылық өкілдері, оның ішінде жастар арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын «Нұр Отан» партиясының облыстық, қалалық және аудандық филиалдары мен бастауыш партия ұйымдары одан әрі қарай белсенді түрде жүргізе беретіндігін баса айтып, алда мақалада көрсетілген нақты жұмыстарды іске асыруға үлес қосу мақсаты тұрғанын жеткізді.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Тегтер: активЖамбыл облысынұр отаноблыс әкіміТараз қаласы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22
«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15
Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52
Мойынқұм ауданында экологиялық ағарту және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде

Мойынқұм ауданында экологиялық ағарту және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде

11.11.2026, 12:46
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауыл инфрақұрылымы, кәсіпкерлік және цифрлық даму: «Әділет» кандидаттары Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесті

11.11.2026, 19:44

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.