Қазақстан Республикасының Президенті Қасым—Жомарт Тоқаев 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды. Құжатқа сәйкес, стипендия иегерлері өкімнің қосымшасында көрсетілген тізім бойынша анықталады.
Өкімде 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы нақты тапсырма беріліп, бұл шешім аталған сала мамандарын қолдауға және мәдениеттің дамуына серпін беруге бағытталғаны атап өтіледі. Тізімде әдебиет және өнер қайраткерлері бар. Соның ішінде Зейнеп Ахметова, Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубаев, Бексұлтан Нұржекеев, Марфуға Айтқожа, Олжас Сүлейменов сынды ақын-жазушылар бар.
Ал өнер қайраткерлері қатарында Тұңғышбай Жаманқұлов, Нұрғали Нүсіпжан, Бибігүл Төлегенова, т.б. қайраткерлер бар.
Толық тізімді мына жерден көруге болады.
Сондай—ақ, өкімнің екінші тармағына сәйкес, құжат бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.
Аталған өкім 2025 жылғы 31 желтоқсанда жарияланып, ресми түрде күшіне енді. Құжат Астана қаласында, Ақорда резиденциясында 2025 жылғы 30 желтоқсанда рәсімделген. Өкім нөмірі — №269.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі







