• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:10
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Отбасыммен оқыған кітап Отбасылық шығармашылық байқауы

Жамбыл облысы әкімінің «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында 5 желтоқсан күні, сағат 10:00-де «Анаға тағзым» Жамбыл облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығында «Отбасыммен оқыған кітап» атты отбасылық шығармашылық байқауының қорытынды кезеңі ұйымдастырылды

turan_admin turan_admin
05.12.2025, 17:41
Облыс жаңалықтары
Отбасыммен оқыған кітап  Отбасылық шығармашылық байқауы
40
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Өтетін күні мен уақыты: ​​5 желтоқсан 2025 жыл, сағат 10:00

Өтетін орны: ​​​Қазыбек би көшесі, 140 В,

«Анаға тағзым» Жамбыл облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығы

       Бұл шығармашылық байқаудың мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, кітап оқу мәдениетін дамыту, ата-ана мен бала арасындағы байланысты тереңдету және көркем әдебиет арқылы отбасылардың шығармашылық қабілетін арттыру болды. Байқауға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесі, аналар алқасы, кітапханашылар және қатысушы отбасылар қатысты.

       Байқау үш ай бұрын жарияланған болатын. Облыс бойынша 25 отбасы өтінім беріп, 100-ге жуық отбасы мүшелері, яғни ата-аналар мен балалары қатысты. Қатысушылар қатарында Тараз қаласының, Меркі, Жуалы, Байзақ, Шу аудандарының отбасылары болды. Байқау екі кезеңнен тұрды: негізгі және шешуші. Негізгі кезең екі шарттан тұрды: Бірінші шарт бойынша қатысушы отбасылар жазушы Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» романын оқып, шығармадан алған әсерлері мен ой-толғамдарын бейнеролик түрінде дайындап, өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларына жүктеді. Екінші шарттың негізінде қатысушы отбасылар жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Айқай» повесін оқып, шығармадан түйген ойларын эссе немесе сырласу хат түрінде жазып, орталыққа жіберді.

      Алғашқы кезеңінің шарттары онлайн түрде өтіп, әділқазы алқалары қатысушы отбасылардың шығармашылық жұмыстарына баға берді. Нәтижесінде, шешуші кезеңге 10 отбасы жолдама алды. Финалға өткен 10 отбасы бүгін шешуші кезеңінің 3-ші шарты бойынша 2025 жылы мерейтойы аталып өтіп жатқан қазақ әдебиеті классиктерінің кез келген шығармасынан 3–5 минуттық көрініс дайындап келді. Бұл кезеңде отбасылар актерлік шеберлігін, шығарманы ашумағынасын сахналық қойылым арқылы көрсетті.

   Байқаудың ашылу салтанатында Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Есаман Хамит Ерболатұлықұттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

   Байқау жұмыстарын бағалаған қазылар алқасы:

1. Сейсекүл Исматова, Филология ғылымдарының кандидаты, М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ профессоры;
2. Алпамыс Қазыбаев, «AULIEATA-MEDIA» ЖШС бас директорының орынбасары, журналист;
3. Анар Сағымбекова, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі, актриса;
4. Жұлдыз Шералхан, Орталықтандырылғанкөпшілік кітапханалар жүйесінің әдіскері;
5. Жұлдыз Бейсек, «JAMBYL» телеарнасының редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының және Жазушылар Одағының мүшесі, бірнеше поэзиялық жинақтың авторы, ақын;
6. Назым Қожамар, Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының бөлім меңгерушісі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі;
7. Эльмира Мырза-Ғали, Жамбыл облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, «Анаға тағзым» облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығының директоры;

      Байқаудың қорытынды кезеңінде жеңімпаздар анықталып, өз өнерлерін ортаға салған отбасылар арасында I орын, II орын және III орын иегерлері дипломдармен және қаржылай сыйақыларменмарапатталды. Сонымен бірге финалға өткен 5 отбасы арнайы бағалы сыйлықтарға ие болды.Қалған қатысушы отбасыларға жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының 4 томдық жинағы сыйға берілді. Ал қатысушы отбасыларға бағыт-бағдар беріп, шығармашылық жұмысына қолдау көрсеткен жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.

       Бұл кештің тағы бір ерекшелігі – Жамбыл облысының жарқыраған отбасылық жұлдызды дуэті Мейіржан мен Нұргүл әуезді әндерімен көрермендердің жүрегін тербеп, көңіл-күй сыйлады. Ал қасиетті Құлан жерінен келген үлгілі әрі өнерлі Үмбеталиевтер отбасы әсем әндерімен кештің мәнін арттыра түсті. Орталықтың «Ерке сылқым» бишілер тобы орындаған әсерлі «Гүлдер» биі кештің ашылуына көркем реңк берсе, кештің рухани әуенін асқақтатқан «Ерке» өнер дамыту орталығының «Керуен» домбырашылар ансамбліболды.

Шығармашылық байқауға қатысушылар: Зиялы қауым өкілдері, Ардагерлер кеңесі, Аналар алқасы, кітапханашылар, өнер мен мәдениет саласының мамандары, қатысушы отбасылар мен жанкүйерлер, мектеп оқушылары және БАҚ өкілдері.

Тегтер: Жамбыл
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.